Өлкені тану өзіңді тану деген сөз

«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей қорығы мен облыстық білім беру басқармасының әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Махамбет көпбейінді ауылшаруашылығы колледжінде «Туған өлкені зерттеу: оның маңызы және басым бағыттары» тақырыбында облыстық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.

Облысымызға қарасты жеті аудан және қала мектептерінің 100-ге жуық мұғалімдері мен оқушылардың басын қосқан аталмыш конференция шымылдығы «Атырау өңірінің тарихи-мәдени ескерткіштері мен киелі жерлері» атты фотокөрмемен ашылды.

Бұдан соң «Тарихи-мәдени ескерткіштер, жер-су атаулары және этнография» және «Өлке тарихы» тақырыптарында екі секция бойынша оқушылар мен ұстаздардың баяндамалары тыңдалды.

Түстен кейін конференция «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының директоры, т.ғ.д., профессор Әбілсейіт Мұқтардың жүргізуімен пленарлық мәжіліске ұласты. Онда Атырау өңірлік «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің жетекшісі Орынтай Биманова, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің профессоры, т.ғ.к. Жеңісбек Мұстафин, облыстық тарихи-мәдени мұраны қорғау, қалпына келтіру және пайдалану жөніндегі мемлекеттік инспекциясының басшысы Мұханбетқали Кипиев, Атырау мемлекеттік университетінің профессоры, т.ғ.д. Ұлжан Ахметова, Құрманғазы ауданынан келген мұғалім Гүлайым Қуанбаева және «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының бас қор сақтаушысы Жанар Дияровалар әр түрлі тақырыптарда баяндама жасады.

Екі секция бойынша оқушылар мен мұғалімдердің баяндамаларына баға берген белгілі өлкетанушы, жазушы Өтепберген Әлімгерей, т.ғ.д.,Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің профессорлары Аққали Ахмет пен Ұлжан Ахметова, «Сарайшық» музей-қорығының археологі Мир Әбдіғалиевтар ғылыми жобалар жайлы өз ой-пікірлерін білдіріп, ғылым жолындағы еңбектеріне жеміс тіледі. Үздік баяндама жасаған әр ауданның мектеп оқушылары мен ұстаздары оның ішінде Г.Ауданова, Н.Қабдығалиев, А.Бекқалиева, Б.Мади- рова, К.Ермұханова, Н.Орынбаева, Д.Жұқатаева, З.Ажгалиева, А.Тлеп- бергенова, У.Дүйсенбаев, Д.Разихова, Т.Аренова, Д.Жетібай, А.Бисекен, А.Сатановалар облыстық білім беру басқармасының әдістемелік орталығының "Алғыс хатымен" марапатталды.

Толығырақ газетімізден оқи аласыздар 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521