ads_hero

«Халыққа көмек» -мерейлі міндет

«Нұр Отан» партиясы Махамбет аудандық филиалының ұйымдастыруымен «Халыққа көмек» партиялық жобасы аясында «Бірыңғай азаматтарды қабылдау күні» республикалық акциясы өтті.

«Нұр Отан» партиясы Махамбет аудандық филиалы төрағасы бірінші орынбасары Р.Болатұлының қабылдауына келген Бала Ораз ауылының тұрғыны, зейнеткер Ү.Кабдрашиева 1970 жылы салынған тұрғын үйінің апаттық жағдайда тұрғанын алға тартты. Сөз арасында кейуана үйіне газ тарту мәселесін де айта кетті. Төрағаның бірінші орынбасары Р.Әженов тұрғын үйді кезегіне сай алатынын, тез арада «ҚазТрансГазАймақ» АҚ Махамбет аудандық газ шаруашылығы мекемесіне барып, арыз берулері керектігін қаперледі.

Жалдамалы пәтерде тұратын көп балалы ана Д.Абугалиева өзіне бала жәрдемақысы берілмейтініне наразы. Оның себебі тұрақты тіркеуде болмауында. Тіркеу мәселесі шешілсе жәрдемақы алуға мүмкіндігі бары айтылды. Махамбет ауылының тұрғыны жалғызбасты ана С.Кихаева екі бала тәрбиелеп отыр. Мамандығы аспаз болғанымен тұрақты жұмысы жоқ. Аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің бас маманы А.Қартжанова бұл отбасының кірісіне алимент, ата-анасының зейнетақысы кіргендіктен, сондықтан бала ақшасы тимейтінін меңзеді. Оған «вахталық әдіспен жұмыс ұсынса, бара аласың ба?» деген сауалға, ол қашанда баруға әзір екенін айтты. Мамандар пікіріне құлақ түрген төрағаның бірінші орынбасары Р.Болатұлы оны комиссия қарауына жіберді. Есбол ауылының тұрғыны М.Темірханқызы тұрғын үйі 1929 жылы салынған апаттық жағдайдағы үй екенін, апаттық жағдайға сай кезекке 2018 жылы кезекке тұрғанымен, кейін үйі бар деп кезектен шығарылғанын біліп, енді тұрғын үй кезегіне қайта тіркелгісі келетінін жеткізді.

Толығырақ газетімізден оқи аласыздар 

Super User

ads_hero