«Күн» және «Құм» терапиясы

"Қызғалдақ" бөбекжайының "Жұлдыздар" тобында бөбекжай психологы Ақмарал Сисенованың ұйымдастыруымен «Күн» және «Құм» терапиясы атты оқу қызметі өтті.

Оқу қызметінің мақсаты балалардың көңіл-күй қызметін бағалау, жан – жақты психиқалық процестерді, және қолдың ұсақ моторикасын дамыту.

Сабақ барысында қонаққа бүкіл әлемге жарық,жылу беретін күн келіп балаларға жылылық сыйлады. Балалар күннің қойған сұрақтарына толық жауап беріп,тапсырмаларын жақсы орындап отырды.

Күн балалармен «Күн мен жаңбыр» ойынын ойнап,"Құм әлеміне" барып балалар құмның үстіне алақандарымен күннің сәулесін жасады. Балалардың қоршаған ортаға деген қызығушылығы оянып,көңіл-күйлері көтеріңкі болды.

Жанар НАУБЕТОВА,

ата-ана.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521