Әйел көш бастаса, керуеннің жүрісі түзеледі

Аудан әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның 2018 жылға арналған іс-шаралар жоспары аясында «Әйелдердің қоғамдағы рөлі» тақырыбында аудандық семинар өтті.

Оған облыстық «Ана үйі» қорының психологі Г.Жайлаубаева арнайы шақырылды. Аудандық аналар Кеңесінің төрайымы, ауылдық округтердегі төрайымдар, БАҚ өкілдері, ішкі саясат бөлімі, аудандық комиссия мүшелері қатынасқан семинардың мақсаты, әйелдердің қоғамдағы рөлін арттыру болды. Аудандық жұмыспен қамту орталығының маманы Ғ.Құттыбаева «Ауыл әйелдерін жұмыспен қамту көрсеткіштері» тақырыбында мәлімдеме жасады. Ал Ақтоғай ауылдық әйелдер кеңесінің төрайымы Р. Сүгірова «Ауыл әйелдерінің белсенділігін арттыру тәжірибемнен» баяндамасымен бөлісті. Семинарға қатынасушылар көкейлерінде жүрген көп сұрақтарына жауап алды. Облыстық «Ана үйі» қорының психологі Г.Жайлаубаева «Өзін-өзі бағалау шкаласы», «Жанұя» социограммасы арқылы өз құндылықтарын анықтау жолдарымен таныстырып, әйелдердің әлеуметтік белсенділігін көтеруге арналған психологиялық жаттығулар өткізді.

Б.СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521