HCOC тағы да қайырымдылық жасады

Бүгін батыс өңіріне кеңінен танымал ірі компаниялардың бірі «Норт Каспиан Оперейтинг Компани» мекемесі Махамбет ауданындағы мүмкіндігі шектеулі жандарға арнайы инватакси тарту етті.

Аты айтып тұрғандай инватакси мүмкіндігі шектеулі, жүріп-тұруы қиын азаматтарды тасымалдау үшін дайындалған көлік. Оның ішінде тіпті қоларбаны да көтеріп мінгізетін арнайы механикалық құрылғы да орнатылған.

u

u

u

Салтанатты шараның алғашқы сөз кезегі берілген аудан әкімі Жардемғали Бахуұлы аталмыш компания басшылығы мен өкілдеріне халықтың атынан ризашылығын білдіріп, арнайы «Алғыс хатын» табыстады. Бұған дейін де көптеген қайырымдылық шаралардың демеушісі, қолдаушысы болған, соңғы 20 жылда 640 млн.АҚШ долларын әлеуметтік жобаларға құйған НСОС компаниясының қоғаммен байланыс жөніндегі атқарушы кеңесшісі Серік Идранов: «Мұндай игі бастамалар мен қайырымдылық шаралары әлі де жалғасын табады» -, деді өз сөзінде.

u

u

Заманауи жабдықарымен толықтай қамтамасыз етілген осындай су жаңа автокөліктің кілті ауданымыздағы «АҚЖОЛ» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Хайдарбек Құрмашевқа табысталды.

А.Сатаева

Сурет: автордікі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521