«Гибридтік электрондық пошта» пилоттық жобасы іске асырыла бастады

2014 жылдың 18 желтоқсанынан бастап, «Гибридтік электрондық пошта» пилоттық жобасы іске асырыла бастады.

Жөнелтілуге жататын тапсырысты гибридтік жөнелтілулер технологиясын пайдалану арқылы хабарламалар Төрелік интеграциялық модулі арқылы электронды түрде жолданады. Осыдан кейін олар «Казпошта» АҚ-ның тарапынан жақын арада орналасқан пошта бөлімшелерінен қағазға басып шығарылып, пошта конверттеріне салынып, қажетті мекен-жайларға жеткізіледі. Шақыру алушы сотқа шақыру туралы хабарламаны алған кезде, хабарды алғандығын растап, қол қояды. Пошта қызметкерлері электрондық базаға хабарламаның алушыға жеткізілгендігі туралы немесе адресаттың басқа мекен жайға қоныс аударуына, қайтыс болуына және т.б. себептермен хабарламаның тұлғаға жетпегені туралы мәлімет енгізіліп, ол сот жүйесінің ақпараттық сервисіне электронды түрде келіп түседі. Бұл ақпарат та қағаз жүзінде басып шығарылып, іс құжаттарына тігіледі. Аталған технология жергілікті соттардың жұмысын оңайландырады. Атап айтқанда жөнелтілімдер қағаз жүзінде басып шығарылмайды, тіркелмейді және құжаттар жолданбайды.

Осылайша пошта жөнелтілімдерінің адресатқа жеткізілу мерзімдері азайып, бұл қызметтер автоматтандырылады, оңтайландырылады, сотқа қатысушылардың сот мәжілісіне уақтылы келуін қамтамасыз етеді, тараптардың қаралып жатқан іс бойынша дайындалуына, жауапкерлерге өздерінің қарсылықтарын немесе қарсы талап арыздарын уақтылы беруіне мүмкіншілік туды. Мемлекеттік органдардың арасында электрондық хат алмасудың тағы бір түрі «Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі» болып табылады. ЭҚАБЖ – Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен тиісті мемлекеттік органның лауа- зымды тұлғалары, ЖШС, ЖАҚ арасындағы электрондық құжат айналымының жүйесі. ЭҚАБЖ-ны пайдаланудың арқасында кез келген хабарды мемлекеттік органдарға дер кезінде жеткізуге және бюджет қаражатын анағұрлым көп үнемдеуге септігін тигізуде. Себебі, «Электрондық құжат және электродық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтарда қабылданған №370-II Заңының 7-бабына сай, осы заңның талаптарына сәйкес келетін оған қол қоюға өкілеттігі бар адамның электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландырылған электрондық құжат қағаз жазба түрінде қол қойылған құжатпен бірдей. Сол себепті, қазіргі уақытта электрондық құжат айналымы жүйесін пайдаланатын мемлекеттік органдар хат алмасуды электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанында ғана жүзеге асыруда. Электрондық қызметтердің жоғарыда аталған түрлері істерді қарауға дайындық және қарау кезінде жұмыстың жеделдетілуіне, халыққа қолайлылығына және олардың сот жүйесіне сеніміне, бюджет қаражатының пошта және басқа да байланыс түрлерінің шығындарының барынша үнемделуіне әсерін тигізеді.

А.КОСЫМБАЕВА,

аудандық соттың жетекші маманы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521