ads_hero

Етті жақсы көреміз, мал баққымыз келмейді

Ауыл әкімдерінің есеп беру жиындарында тұрғындар тарапынан мал ұрлығы және бақташылықты жолға қою мәселелері қозғалып, бұл жөнінде жауапты сала мамандарына нақты тапсырмалар жүктелді.

Аудандық полиция бөлімінен білгеніміздей, жыл басынан бері ауданда 6 мал ұрлығы тіркелген. Оның бірден-бір себебі, мал иелерінің малдарын қараусыз қалдыруынан болып отыр.

Мыңғыртып мал айдамаса да, өзін ет, сүтпен қамтамасыз етіп, азын-аулақ мал ұстап күнін көріп отырғандар жетерлік. Алайда ата кәсіпке бүгінде ата-үсті қарайтынымыздың салдарынан мал ұрлығына жол берілуде. Мал бағуды намыс көреміз бе, әйтеуір бақташылықты жолға қоя алмай келеміз. Зейнетінен бейнеті көп мал бағудан кім-кімнің де қашатыны белгілі. Әйтсе де мал ұрлығы өршіп тұрған уақытта, бақташының ауадай қажеттігі сезіледі.

БАҚТАШЫНЫҢ ЖАЛАҚЫСЫ МАРДЫМСЫЗ

- Махамбет ауылдық округі аумағының 5434 гектарын жайылымдық жер алып жатыр. Атап айтсақ, Атырау-Орал тас жолының 64-68 шақырымы, батыс жақ беті жайылымдық жер болып саналады. Округте мал бақташысын шығару өзекті мәселелердің біріне айналып отыр. Өткен жылы екі қоғамдық қызметкерді бақташылыққа алған болатынбыз. Олар көше бойында жүрген малдарды ауыл аймағынан шығарып, сырғасын суретке түсіріп, ІІБ-не жолдау жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде аудандық ІІБ-мен 18-ескерту, 1-әкімшілік айыппұлдар салынды. Жалпы бақташылыққа қоғамдық жанынан жұмыссыз азаматтарды алуға өтінім жұмыспен қамту орталығына жолданды. Бақташылық жұмысына ниетті азаматтар жалақысының (бұрын 37 000) мардымсыздығын айтып, бас тартып жатады. Биылғы жылдан бастап бақташының жалақысын өсіруді қолға аламыз. Бұдан басқа мал иесі мен бақташы арасындағы келісімшарт негізінде, мал басына төленетін (ұсақ мал басына 500, ірі қараға – 1500-2000 теңге аралығында болса шамамен) қаражатты қосқанда мал бақташысы әжептәуір еңбекақы алады. Тек соған құлшынып шығатын, малдың жайын білетін адам болса, - дейді ауылдық округ әкімі Б.Мыңбаев.

МАЛ ҰРЛЫҒЫНА ТОСҚАУЫЛ ҚОЮ ҮШІН...

- ҚР ІІМ 2017 жылғы 20 желтоқсандағы №854 бұйрығына сай мал ұрлығына тосқауыл қою үшін «Бөтеннің мүлкін ұрлауға іс-қимыл жасауды күшейту жөніндегі 2018-2020 жылдарға арналған бағдарламасы» жасақталды. Мал ұрлықтарының жолын кесу мақсатында аудан әкімдігіне ұсыным хат жолдадық.

Алдымен, жергілікті ат- қарушы органдар мал бағуға бақташы тағайындауы қажет. Екіншіден, базарлардың, өзге де сауда орындарының ет қабылдау станцияларының, мал сою алаңдарының аумағында бейнекамералар орнатылса, бұл құқық бұзушылықтың алдын алуға және мал ұрлығын ашуға мүмкіндік береді. Үшіншіден, ауылдық округ әкімдіктермен бірлесе отырып, жергілікті мәслихаттарда бұрын бекі- тілген «ауыл шаруашылық жануарларын ұстау және бағу туралы ережелеріне» өзгеріс енгізіп, онда көше кезіп жүрген малдардың иелерін анықтап, бақылаусыз жайылуына тыйым салуды қолға алғанымыз жөн. Сондай-ақ, малдарды таңбалау және сырғалау бойынша бірлескен іс-шаралар тоқсан сайын өткізіліп отырса, - дейді Махамбет ауданы ПБ бастығы полиция полковнигі А.Закариев.

«АУЫСЫМДЫҚ ӘДІСТІ ЕНГІЗУДІ ҚОЛДАМАЙМЫН»

Жергілікті халықты ет, сүт өнімдерімен қамтамасыз етіп отырған қожалықтардың бірі «Досқайыров» ШҚ 1992 жылы құрылған. Қожалық иесі Жеңісбай Досқайыров мал бағуда ауысымдық әдістен гөрі, өз ісіне тиянақты, тұрақты бір адамның болғаны дұрыс деп санайды.

Мақаланың толық нұсқасын газетіміздің №10 7 наурыздағы санынан оқи аласыздар.

Super User

ads_hero