2019 жылдың елеулі оқиғалары

2019 жылғы ауданымыздағы елеулі оқиғалардың хроникасы

Қаңтар айынан бастап Чехия мемлекетінің астанасы Прага қаласында эстрада әншілерінің арасында өткен халықаралық байқауда бақ сынаған қазақ жерлесіміз сарытоғайлық Айдын Жұмабаев бас жүлдені иеленді.

a

Наурыз айында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі К.Н.Шамшиденова ауданымызда жұмыс сапарымен болып, білім саласының қызметкерлері және көпбалалы аналармен кездесті.

m

Мамыр айында «Атамұра» мейрамханасы жанынан жеке кәсіпкер Софья Мұхамбетованың бастамасымен «Ботакөз» тігін цехы ашылып, пайдалануға берілді.

b

Мамырда Қасиетті Рамазан айында Бейбарыс ауылындағы «Амангелді» дүкенінен қайырымдылық сөресі ашылды.

k

Сарытоғай ауылында «БатысАльянсСтрой» ЖШС директоры Жұбанов Әділ Орынбасарұлының демеушілігімен салынған ауыл жастарына арналған спорт алаңы және балаларға арналған ойын алаңы ашылды.

o

Шілде айында батыс өңіріне кеңінен танымал ірі компаниялардың бірі «Норт Каспиан Оперейтинг Компани» мекемесі Махамбет ауданындағы мүмкіндігі шектеулі жандарға арнайы инватакси тарту етті.

u

Тамыз айында Махамбет ауылының ауылішілік жолдарына тасжол төселді.

c6028

Қыркүйек айында Ақжайық ауылында денешынықтыру кешені құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді.

7

Жалғансай ауылында «My village» деген атпен тамырлы көкөністерді өңдеу шеберханасы ашылды.

s

Қыркүйек айында Атырау облысының ауыл әйелдер форумы Махамбет ауданында өткізілді.

f

Қазан айында облысқа жұмыс сапарымен келген ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов ауданымызда болды.

img_1865

Қазан айында Талдыкөл елді мекен аймағында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұлттық спортты дамытуды мақсат еткен республикалық «Алтын тұлпар» аламан бәйгесі мен «Дарабоз-2019» халықаралық турнирі өтті.

d

Қазан айында ауданымызда 3 қабатты 60 пәтерлік тұрғын үйдің құрылысы аяқталып, иелеріне табыс етілді.

60ui5

Қараша айында көпбалалы 13 анаға пәтерлердің кілті табыс етілді.

k

Қараша айында Румынияның Констанца қаласында өткен ардагерлер арасындағы армрестлингтен күш сынасқан жерлесіміз Рахия Молдашева әлем чемпионы атанды. Сонымен қатар әлем чемпионатының қола жүлдегері Батырхан Мұхитов пен ҚР кубогінің І орын иегері Аида Хайрулиналар аудан әкімі Ж.Бахуұлының қабылдауында болды.

akimqab3

Қараша айында ауданымыздағы мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған «Ержүректілер» спорт клубының жетекшісі Нұр-Сұлтан қаласында өткен республикалық байқауға қатысып, оқ бойы озып шығып, жүлдегер атанды.

07102019

Желтоқсан айында Еңбекшіл ауылында 80 орындық мектеп ғимараты қолданысқа берілді. Сарайшық ауылының кіре берісіне биіктігі 8,5 метр, ені 13 метр қақпасы салтанатты түрде ашылды.

enbek181219

10 желтоқсан күні түскі сағат 2.30 да Махамбет ауылындағы «Марсель» диспетчерлік орталығынан «Махамбет-Атырау-Махамбет» бағытындағы жолаушыларды тасымалдау мақсатында 45 орындық жайлы автобус «АлиТрансЛайн» ЖШС-гі сынақ мерзімімен өз жұмысын бастады.

3

Ауданымызда учаскелік полицейлерге тұрғын үй мен біріктірілген учаскелік полиция пункті пайдануға берілді.

j

Сонымен қатар ауданымызда құрылысшы мөлтек ауданынан ашық тренажер және баскетбол ойын алаңы пайдалануға берілді.

trenajer233-1

"ЖШ"

Сурет:"Жайық шұғыласы" архивінен

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521