Ертегілер елінде

Ата-ананың бала үшін алатын орны ерекше екенін үнемі айтып жүреміз. Бала, ата-анаға қарап бой түзейді. Ал ата-ана,балаға қандай тәрбие бере алады?

Әрине, баланың саналы, білімді, өнерлі жалпы жан-жақты болу үшін, ата-ана бала болып ойнап, бала болып ойлайды. Ата-ана мен балабақша ынтымақтастығын арттыру мақсатында I кіші топ ата-ана жоспарына сай аналар «Жеті лақ»ертегісін сахналап берді.

«Ертегілер» әнімен Нұрдәулет Ақнәзіктің әжесі Аясофья Қалиева кешімізді бастады. Балаларға «Қандай ертегілер білесіздер?» «Қасқыр қандай аң?» тағы басқа сұрақтар қойылып, жауаптар алынды. Ертегі желісі арқылы аналар өз рөлдерін нақышына келтіріп ойнап шықты. Әсіресе ешкі ролін сомдаған Гүлбаршын Нохатованы ерекше атап өтуге болады. Гүлбаршын балабақшада өтетін қандай іс-шаралар болсын, жауапкершілік танытып, бар күш-жігерін аямайды. «Бала өсірген ата-ана, бала болып ойнайды!» демекші,ата-аналар да бір серпіліп қалды.

Ең маңыздысы балалар қуанды. Ал ата-ана үшін баланың қуанғанынан артық бақыт жоғын бәріміз де білеміз. Ертегіден алған әсерлерімен бөлісіп, көргендерін айтып, балалар көңілді тарасты. Ал аналарымызға үлкен алғысымызды білдіреміз.

Б. БЕГІМБАЕВА,

«Балдырған» бөбекжайы,

Бейбарыс селосы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521