«Ерсұлтан» орталығы халық игілігіне

Жаңа жыл қарсаңында ауданда жаңа кәсіпкерлік нысан «Ерсұлтан» сұлулық салоны мен көлік жуу орталығы пайдалануға берілді.

Нысанның ашылу салтанатында сөз алған Махамбет ауылдық округі әкімі Б.Мыңбаев кәсіпкерді құттықтап, алдағы жұмысына сәттілік тіледі.

ersul6

Халық игілігіне беріліп отырған орталықтың дәстүрлі лента қию рәсімі Махамбет ауданының «Құрметті азаматы» Ұзақбай Төлеген мен Асхат Төленовке табысталды.

e

«Туленова» жеке кәсіпкерлігінің жетекшісі Үміт Туленова өз кәсібін 2011 жылы бастады. Ол 2017 жылы «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасынан «Бастау Бизнес» оқу курсын сәтті аяқтап, өз инвестициясымен қоса, ағымдағы жылы «Еңбек: нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» шеңберінде 5,0 млн. теңге несие алып, «Ерсұлтан» сұлулық салоны мен көлік жуу орталығын іске қосып отыр.

ersul

e

e

e

Осының нәтижесінде 4 адам жұмыспен қамтылмақ.

Аудан орталығынан бой көтерген жаңа нысанның жұмысына тек табыс тілейміз.

Б.Сапарова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521