ads_hero

Енді архивтер де бірігеді

Аудандық музейде Елбасы Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында айтылған «Архив – 2025» жобасы аясында Атырау облысы мемлекеттік архиві мен Махамбет аудандық мемлекеттік архивінің ұйымдастыруымен «Мекеме ұйымдарда архив ісі мен құжаттаманы басқару қағидалары және «Архивтік анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу мүмкіндігі туралы» бірлескен ғылыми-практикалық семинар болып өтті.

Семинарға ауданға қарасты мекемелердегі архивтік құжаттарға жауапты мамандар қатысты. Алдымен сөз алған Атырау облысы мемлекеттік архивінің басшысы Серік Қуаныш:

- Елбасы Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында айтылған «Архив – 2025» жобасы аясындағы семинарымызды ең алдымен Махамбет ауданынан бастап отырмыз. Бүгінгі кездесудегі басты мақсатымыз – болашақта аудандық архивтерді облыстық архивке қосу, яғни оңтайландыру жұмыстары жүргізілуіне орай алдымызда тұрған мақсат-міндеттермен бөлісу болып табылады. Бұған қоса «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында «Электронды құжаттардың бірыңғай архиві» атты жүйе құрылғалы отыр. Бұл жүйе бүкіл Қазақстанды қамтиды. Осыған орай «біздің алдымызда қандай міндеттер тұр?», «Соңғы өзгеріп жатқан заңдарға байланысты қағидаларда қандай өзгерістер бар?», «Ведомстволық архив бойынша қандай қиындықтар белең алуда? Оларды қалай шешеміз?», «Мамандардың біліктілігін көтеру мәселелері қалай жүргізілуде?» деген сұрақтарға сіздермен бірге жауап іздегіміз келеді. Ойларыңызды, ұсыныс-пікірлеріңізді ортаға сала отырыңыздар, –деді.

Семинарға қатысушылар тарапынан жеке архив сақтау бөлмесінің жоқтығы, архив құжаттарының қажетті құралдармен жабдықталмағаны, арнайы штат бөлу мәселелеріне орай ұсыныстар айтылды. Одан әрі Атырау облысы мемлекеттік архивінің ведомостволық архивтерді қалыптастыру және бақылау бөлімінің басшысы Райхан Нұржанова «Архив ісі мен жүргізу. Қолданыстағы нормативтер және оларды іс жүзінде пайдалану» тақырыбында семинар өткізді. Ал осы бөлімнің сарапшысы Жанат Жетпісбаева «Істер номенклатурасын жасақтаудағы проблемаларға» тоқталды. Семинар соңында Райхан Құсайынқызы мен Жанат Нұғымашқызы «Құжаттардың құндылығына сараптама жүргізу әдістемесі» бойынша шеберлік сағатын өткізді. Семинар аясында «Өлке тарихы – Атырау архиві құжаттарында» атты құжаттық көшпелі көрме таныстырылды.

Мақаланың жалғасын газетіміздің №8 21 ақпандағы санынан оқи аласыздар

Super User

ads_hero