ads_hero

Елімнің еркіндігі – Егемендік

«Нұршуақ» бөбекжайында «Гүлдер» тобының тәрбиешісі Г.Сатымбекқызының ұйымдастыруымен «Елімнің еркіндігі – Тәуелсіздік» атты ертеңгілік өтті.

Ертеңгілік мақсаты - балаларға Қазақстан Тәуелсіз ел екенін ұғындыру және өз елін құрметтеп, Отанын, жерін жақсы көруге тәрбиелеу патриоттық сезімдерін ояту. Балалар Тәуелсіздік туралы өлеңдерін, мақал-мәтелдерін айтты. Балалардың орындауындағы Тәуелсіз-ел ұраны, "Елтаңбасы елімнің" әндері де тартымды болды. Соңынан флешмоб биледі. Бөбекжай әдіскері Гүлназ Ғаділбекқызы ата-аналар мен бүлдіршіндерді Тәуелсіздік мейрамымен құттықтап, ертеңгілікті қорытындылады.

Ш.ГАБДУЛЛИНА,

ата-ана.

Super User

ads_hero