Елімнің еңселі тірегі

«Нұршуақ» балабақшасында 2 кіші «Жұлдыз» тобында тәрбиеші Қ.Жасболатованың ұйымдастыруымен 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күніне орай «Елбасы-елдің тірегі» атты ертеңгілік өтті.

Мақсаты – балаларға ҚР Елбасы Нүрсұлтан Әбішұлы Назарбаев туралы мағлұмат беру, Отанды, елін, жерін құрметтеуге сүйіспеншіліктерін арттыруға тәрбиелеу, патриоттық сезімдерін ояту. Мерекелік шара бүлдіршіндердің қазақ елінің Әнұранын шырқауымен басталды. Отан, Елбасы туралы өлеңдер айтып, шетелден келген қонақ Монидың қойылған сұрақтарына жауап берді.

Ертеңгілік барысында балалардың бал тілімен шырқалған «Отан» әні тартымды болды. Шара шырайын кіргізуде «Көк тудың желбірегені» әніне билеген ұлдардың және мың бұрала билеген қыздардың домбырамен «Бипыл» биі де көрермендерді өз қылықтарымен тәнті етті. Балаларымызға тәрбие беруде «Жұлдыз» тобының тәрбиешілері Қ. Жасболатова, А.Тастемирова, тәрбиеші көмекшісі Э. Тулегенова апайларына бала тәрбиелеудегі шығармашылықтарыңыз шыңдала берсін демекпіз.

А.ҚҰМАРОВА,

ата-ана.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521