ads_hero

Электронды үкімет қызмет көрсетуді барынша оңтайландырады

Азаматтар мен мемлекеттің өзара әрекеттестігін ыңғайлы, қарапайым, қолжетімді және түсінікті ету үшін электрондық үкіметті осыдан тоғыз жыл бұрын құру Елбасымыздың идеясы болатын.

Электрондық үкімет-қарапайым халықты үкімітпен тікелей байланыстыруды қамтамасыз ететін жүйе. Бұл портал тәулігіне 24 сағат, аптасына 7 күн, халықтың географиялық орналасуы және тағы басқа факторлардан бөлек қамтамасыз етеді, мемлекеттік қызметтің барлық түрлері көрсетіледі. Электрондық үкімет ұйымының негізгі міндеті – мемлекетке азаматтар мен ұйымдарға мүмкіндік туғызатын нормативті-құқықтық және әдістемелік базаның құрылуы болып табылады.

Азаматтар мен ұйымдарға мемлекеттік органдардың қызмет көрсету сапасының жоғарылығы мен қысқа мерзімділікке және мемлекеттік органдар қызметінің ақпараттық базасымен қамтамасыз етуге бағытталған. Осы уақыт ішінде электрондық үкімет дамуы мен қалыптасуы іргелі төрт кезеңнен өтті. Оның алғашқысы – ақпараттық кезең. Электрондық үкімет порталы осы кезеңде іске қосылды, ақпаратпен толықтырылды. Екіншісі-интерактивті кезең.

Бұл портал да электрондық қызметтерді тұңғыш рет ұсынуымен есте қалды. Порталды пайдаланушылар мекемелерде кезекке тұрмай-ақ анықтама алу, тағы басқа да кез келген мемлекеттік органдарға сұраныс жіберіп, оның мәртебесін қадағалап отыру мүмкіндіктеріне ие болды. Электрондық үкіметтің үшінші кезеңі-транзакциялық кезең. Бұл кезеңде азаматтар мемлекеттік баж салығын, алымдар, айыппұл және коммуналдық қызмет ақыларын төлеуге мүмкіндік алды. Электрондық үкіметтің дамуының төртінші кезеңі- түрлендірмелі кезең. Оның басты мақсаты - азаматтарымызға қызмет көрсету жағынан жылдамдығы. Әлеуметтік маңызды қызметтерге айрықша көңіл бөлінді, сондықтан да олардың барлығы электронды үлгіге ауыстырылды. Электронды үкіметтің басты мақсаты мемлекет пен азаматтар арасында қызмет көрсетуді барынша оңтайландыру болса, біздің ауылдық округте мемлекеттік қызметтерді жылдам әрі сапалы көрсетуге жұмыстанып отырмыз.

Ауыл тұрғындары ат арытып, алыстағы облыс, аудан орталықтарына бармай-ақ кез-келген уақытта электронды қызмет көрсету порталы арқылы керекті анықтамаларын ала алады. Жыл басынан бері 489 ауыл тұрғындарына электрондық сандық қолтаңба алынды, сол арқылы мекен-жай анықтамасы, соттылығы туралы анықтама, мектепке дейінгі бүлдіршіндерді балабақша кезегіне қою мен кезегін, зейнетақы салымдарын қарау сынды қызмет түрлері көрсетілді. Бұл әр Қазақстан азаматтары үшін уақыттарын үнемдеуге, «қызмет көрсетуші» мен «қызметке жүгінуші» арасындағы созылмалы үрдісті жеңілдетуге септігін тигізеді. Облыс әкімінің тапсырмасымен маусым-тамыз айлары аралығында тұрғындардың компьютерлік сауаттылығын арттыру бойынша жұмыстар жүргізіліп, электрондық сандық қолтаңба арқылы қажетті қызмет түрлерін кез келген жерден алуға мүмкіндік туды. Бұл жұмыстар алда да жалғасын таба береді.

А.АКЖИГИТОВА,

Ақжайық ауылының тұрғыны, электрондық қызмет көрсетуші.

Super User

ads_hero