Елбасы – ел тірегі

Е.Ағелеуов атындағы Махамбет орта мектебінде 8 сыныптар арасында Тұңғыш Президент күніне орай «Елбасы – ел тірегі» атты интеллектуалды ойын болып өтті.

Оқушылар Елбасының өмір жолы, туып-өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы білімдерін жарыстырды. Шараның мақсаты – оқушыларды Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып, Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке, азаматтыққа тәрбиелеу болды. Ойын барысы таныстыру, бәйге, тіл өнер, білгенге маржан, көрермендерге сұрақ бөлімдерінен тұрды. Белсене қатысқан оқушыларға ұйымдастырушылар тарапынан алғыс айтылды.

ӨЗ ТІЛШІМІЗ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521