ads_hero

Екі күндік шеберлік сыныбы

Ауданымызда әйелдер кәсіпкерлігін дамыту және қазақи қолөнерді жандандырып, қолдану аясын кеңейту мақсатында Атырау облысы Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы және «Қазақ қызы» академиясының ұйымдастыруымен екі күндік шеберлік сыныбы өткізілді.

Қыздар мен бойжеткендердің мәдени, адамгершілік, эстетикалық, шығармашылық және аспаздық дағдыларын арттыру бағытында жұмыс жасайтын «Қазақ қызы» академиясының құрылғанына алты айға жуықтады.

Аудандық кәсіпкерлік және туризм бөлімінің қолдауымен өткізілген екі күндік шеберлік сағатына оннан аса әйел қатысып, теориялық және практикалық бағыттар бойынша білім алды. Онда құрақ және оны қазіргі заманға сай дайындау, қыз жасауы, ою салу, тігін машинасымен жұмыс жасау сынды тақырыптар қамтылды. Сонымен қатар сәукеле, қыздардың әшекей бұйымдары, заманауи жастық жасау технологиясы да үйретілді. Қазақ қызы академиясының қолөнерші, дизайнер, суретшісі Әсел Өтебаева өткізген шеберлік сыныбы нәтижесінде әрбір әйелдің қолынан шыққан құрақ жинақталып, «пано» дайындалды.

k

3

4

5

Шеберлік сыныбының қорытындысында қатысушыларға "Қазақ қызы" академиясының басшысы Асия Мұхсинова сертификат табыстады.

Б.Сапарова

Кенжегул

ads_hero