ads_hero

Бұралқы иттерді азайту мәселелері қозғалды

Алмалы ауылдық округі әкімінің ел алдындағы есеп беру жиыны ойдағыдай өтті.

Жиынға қатысушы аудан әкімі Жәрдемғали Бахуұлы мен қала әкімінің орынбасары Жұмабек Қаражанов тұрғындар тарапынан айтылған ұсыныс-тілектерді ескеріп, жиын соңында жеке қабылдау да ұйымдастырды. Баяндаманы тыңдап болған тұрғындар, әсіресе қарттарымыз кезек-кезек сөз алып, ауыл әкіміне алғыстарын айтты, сауалдарын жолдады. Оның ішінде көше жарығы мен қоқыс қалдықтарын жинау, ауылдық бейіттің аумағын қоршау және де бұралқы иттерді азайту мәселелері қозғалды.

Ауыл әкімінің жауабы бойынша: 2020 жылдың жұмыс жоспарына сәйкес жаңадан салынған балабақша жанына жаяу жүргіншілер жолы мен көше жарығын орнату ушін Махамбет аудандық қала құрылыс бөліміне жер телімін сұрауға сұраныс берілді. Ал, қоқысты ауыл тұрғындары «Арнаулы Автобаза» мекемесімен келісім -шартқа отырып күні бүгінге дейін арнайы техникамен шығаруда.

Бұралқы итпен күрес дұрыс жүргізілмейді деген пікірге аудандық ветеринариялық станцияның директоры С.Зұлқашев: 2019 жылы бір ғана Алмалы ауылы бойынша көшеде иесіз жүрген 350 ит жойылып, биылғы жылдың бір ай көлемінде тағы 60 ит бұл тізімге қосылды»-деп жауап берді. Оның айтуынша, ит атушы мамандар келетін күнін тұрғындардың өздері иттерін байлауда ұстап, кейін ауыл ішіне жіберіп қояды екен. Ал, қарапайым халық бұралқы ит пен мысық осы маңайдағы иесіз қалатын саяжайлардан келіп жатқанын, соған тыйым салу керектігін алға тартады.

Алмалының адамдарынан жиі түсетін шағымдардың бірі қалаға қатынайтын коммуналдық көліктердің жол ақысына арнайы жеңілдіктерді қарастырмауы. Жолаушы тасымалымен айналысып отырғандардың басым бөлігі жеке кәсіпкер болғандықтан, олармен бір мәмілеге келуді аудан әкімі өз міндетіне алды. Әйтсе, қала ішінде 150 теңгеге жеткен автобус жолақысының құны мұнда 120 теңгеден аспаған.

Осы сынды ірілі-ұсақты шешімін таппай жүрген мәселелер жиын барысында ашық айтылып, тараптар бір-бірін тыңдап, мамандар да сәйкесінше жауап берді.

А.Сатаева

Жарнама

banerkzleft

Фотогалерея

Күнтізбе

Редакция

 
Cүйеуова Баян- бас редактор

Cүйеуова Баян
- "Жайық Шұғыласы" газетінің бас редакторы

Сапарова Балнұр

Сапарова Балнұр - бас редактордың орынбасары -жауапты хатшы

Сатаева Айнұр-ІІ снатты маман

Сатаева Айнұр
- ІІ санатты маман

Майбасова Кенжегүл-сайтқа жауапты редактор

Майбасова Кенжегүл
- сайтқа жауапты редактор

Қисина Гулфара-бет құрушы

Қисина Гулфара
- бет құрушы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21

ads_hero