Бурабайдан – байрақпен!

Наурыз айының аяғында Щучинск қаласында волейбол спортынан «Burabay CUP» республикалық турнирі өтті. Осы додаға ауданымыздан Махамбет балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің жас спортшылары қатысып келді.

Бурабайда өткен турнирге еліміздің әр облысынан 17 ко­манда қатысып, бақтарын сынады. Үш күнге созылған тарты­сты додада ауданымыздың 2008-2009 жылы туған қыздары, ша­шасына шаң жұқтырмай, қарсылас командалардың барлығын ұтып, финалға дейін жетіп, бірінші орынға таласты.

Алайда соңғы сәтте қарсыластың бағы жанып, қыздарымыз күміс жүлдені қанжығаға байлады. 17 команданың арасынан ІІ орынға ие болған спортшы қыздарымызды құттықтаймыз. Ауданның абыройын асқақтатып жүрген қыздар өткен жылы дәл осы турнирден чемпион болып орылған болатын.

Б.СҮЙЕУОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521