ads_hero

Бір мезетте 3000 адам секіртпемен секірді

Аудан орталығындағы «Тәуелсіздік» алаңында денсаулық сақтау саласын дамытудың «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын және «Денсаулық Фестивалі» Ұлттық бағдарламасын іске асыру шеңберінде «Денсаулық фестивалі - 2018» акциясы өткізілді.

Спорт саласының ардагері Сағынғали Шотпақов: -Денсаулығының мықты болғанын қалайтын әр адам міндетті түрде спортпен айналысуы керек. Өйткені спорт –денсаулық кепілі. Бүгінгі шараға жастармен қатар ересектердің де қатысып отырғаны қуантады. Әрқашанда деніміз сау болсын! – деген құттықтау тілегін білдірді. Аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ержігіт Андашев акцияның жүру барысын түсіндірді.

Биылғы акцияның ерекшелігі облыс басшысы Н.Ноғаевтың қолымен бекітілген 2018-2020 жылдарға арналған «Саламатты өмір салты жылы» өңірлік іс-шаралар жоспарына сай, аудан тұрғындарының, оның ішінде жастардың қатысуымен Қазақстан Гиннес рекордтар кітабына ену мақсатында секіртпемен секіруден рекорд орнату жоспарланған. Акцияға әкімшілік қызметкерлері, қоғам қайраткерлері, барлық басқарма қызметкерлері, зейнеткерлер, спортшылар, дәрігерлер, мұғалімдер, студенттер мен оқушылар қатысты. Акция аясында бір мезетте 3000 адам екі минут секіртпемен секірді. Денсаулық күніне орай аудандық орталық аурухананың ұйымдастыруымен тұрғындарға арналған медициналық бақылау жүргізілді. Махамбеттіктер денсаулығын тексертіп, салауатты өмір салты туралы кеңестер алды.

Б.Сүйеуова.

Жарнама

banerkzleft

Фотогалерея

Күнтізбе

Редакция

 
Cүйеуова Баян- бас редактор

Cүйеуова Баян
- "Жайық Шұғыласы" газетінің бас редакторы

Сапарова Балнұр

Сапарова Балнұр - бас редактордың орынбасары -жауапты хатшы

Сатаева Айнұр-ІІ снатты маман

Сатаева Айнұр
- ІІ санатты маман

Майбасова Кенжегүл-сайтқа жауапты редактор

Майбасова Кенжегүл
- сайтқа жауапты редактор

Қисина Гулфара-бет құрушы

Қисина Гулфара
- бет құрушы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21

ads_hero