ads_hero

Басылымға жазылу науқаны басталды

Бүгін «Қазпоштаның» Махамбет ауданындағы филиалында баспасөзге жазылу науқанына орай ашық есік күні ұйымдастырылды.

Мұнда жергілікті тұрғындар республикалық, облыстық, аудандық басылымдарға жазылу бағасы көрсетілген 2020 жылға арналған жаңа каталогпен танысуға мүмкіндік алды.

kazposhta30

Филал басшысының орынбасары Фариза Өтепқалиеваның айтуынша, ашық есік күнін өткізудегі мақсат - оқырмандарды баспа өнімдерімен таныстырып және жазылуды ұйымдастыру болып табылады. Ол өткен жылмен салыстырғанда, газет-журналдардың бағаларында айырмашылықтардың барын да жасырмады.

Алайда, көзіқарақты оқырман үшін бұл аса бір қиындық тудырады деп ойламаймыз. Себебі, қай заман, қай кезең болсын басылымның орны қашанда бір бөлек.

Назарларыңызға жергілікті басылымдардың 2020 жылға жазылу бағасын ұсынамыз.

poshta1

p

Б.Сапарова

Кенжегул

ads_hero