Бар жақсылық – балаларға!

Фото: zh-shugylasy.kz

Кәсіпке икемі бар, бірақ қаржы мәселесі қолбайлау адамдарға «Ауыл аманаты» бағдарламасы көп мүмкіндік беруде. Бүгінде об­лыста игілігі мол жобаға қатысып, өз кәсібін бастап жатқандардың қатары күн санап артып келеді. Жобаға қатысушылардың бірі – махамбеттік Айнагүл Жұмекеева Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мейра­мы қарсаңында аудан орталығынан «Ризық» балалар ойын орталығын ашты.

Кәсіп иесі Айнагүл Жұмекеева өткен жылы «Ауыл аманаты» жо­басы арқылы жеңілдетілген 2,5 пайыз мөлшерлемесінде 8,6 млн теңге алған болатын. Аталған қаржыға орталыққа қажетті құрал-жабдықтарды сатып алған. Орталық балалардың уақытын қызықты да көңілді өткізуіне арналған батутты аймақ пен ойын кешені, әткеншектер мен сырғанақ, өрмелеуіш сынды заманауи үлгідегі ойын құрылғыларымен жабдықталған. Кәсіпкер ойын орталығына келуші балалардың дұрыс тамақтануына баса назар ау­дарып отыр.

– Пайдалы әрі дәмді тамақтарды дайындауға арналған электрлі комби пеш (пароконвектомат), тоңазытқыш сатып алдым. Комби пештің ерекшелігі бу арқылы тамақтың дұрыс пісіп шығуын қамтамасыз етеді. Қазір бала­лар фаст-фудқа үйір, сондықтан олардың дұрыс тамақтарды пай­далануын қадағалайтын боламыз. Өзімнің ойымдағы істі жүзеге асыруда жәрдемдескен «Ауыл аманаты» жобасына, құжаттарды жинақтауда көмек берген «Ата­мекен» кәсіпкерлік палатасының менеджерлеріне алғысым шексіз,- дейді А.Жұмекеева.

Бұл ойын орталығы – Махам­бет ауданындағы жабық ғимаратта орналасқан әзірге жалғыз ны­сан. Осы күнге дейін қаладағы ойын орталықтарына балаларын ойнатуға апарып жүрген ата-аналар үшін де жағымды жаңалық болды. Ойын орталығында уақыт өткізу құны әр балаға сағатына 1000 теңге болып бекітілген. Егер шектеусіз демалғанын қаласаңыз, 2 мың теңге төлесеңіз жеткілікті. Бала­лар ойын ойнап қана қоймай, дұрыс тамақтану әдебін де үйренеді.

Қ.АЙТҚАЛИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521