Баланы қуантқаннан артық бақыт жоқ

«Сарытоғай ауылындағы «Балбөбек» бөбекжайында Балаларды қорғау күні мерекесі «Бала деген бір бақыт!» тақырыбында атап өтілді.

«Берсең,балаға бер» дегендей, Рамазан айында ақшалай және заттай демеушілік танытып жатырған ауданымыздағы «Ақниет», «Гүлжанай», «Арзан» дүкендері, Сарытоғай ауылындағы «Адай», «Нұрай» дүкеннің иелері, сондай-ақ «Сарытоғай мәдениет үйі» ұжымы жартылай және көп балалы отбасы балаларына сыйлықтар жасап, балаларды куантты.

Бөбекжай меңгерушісі А.Нұрхиева бүлдіршіндерді мерекесімен құттықтап, жеке кәсіпкерлерге алғысын айтты. Сонымен қатар бөбекжайда шараларға белсене араласқан балаларға диплом табысталды.

З.Умбеткалиева, бөбекжай әдіскері

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521