Бөбекжай жұмысы жариялы түрде

Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында: «Аса маңызды міндет – сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа стратегияны қалыптастыру және іске асыруды жалғастыру» деген болатын.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру,қоғамдық бақылауды жүзеге асыру мақсатында облыс аудан көлемінде және біздің мекемеде де бірқатар игілікті істер атқарылуда. Ата-аналар бұрышына, ғимараттың кіре берісіне сыбайлас жемқорлық оған апаратын жол жөнінде ақпарат бетшелер ілінді. Бөбекжай жұмысын жариялы түрде жүргізу жолға қойылып келеді.

Соның бір көрінісі – босаған жұмыс орны «еnbек.kz» сайтына электронды түрде жарияланып, жұмыссыз адам электронды түрде жұмыс орнын таңдай алады. ҚР Білім және ғылым министрлігінің 1 қазан 2018 жылғы №527 бұйрығымен бекітілген «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына кезектілікті қалыптастыру мен оның қызметін және жолдамаларды беру процесін автоматтандыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды басшылыққа ала отырып, жұмыстар жүргізілуде.

Бос орынға жолдама алу http://garden.makhambet.atyrau.gov.kz/ сайты арқылы ата-аналар өздері жолдама алып, бөбекжайға балаларын орналастыра алатындығы жөнінде семинар-кеңестер өткізіліп, қазіргі уақытта ата-аналар өздері сайт арқылы босаған орынға балаларын орналастыруға мүмкіндік алды. Ғимаратымыздың іші-сыртына бала қауіпсіздігіне орай бейнебақылау жүйесі орнатылған.

Атырау облысы білім беру басқармасының 2018 жылғы 11 қыркүйектегі орта білім беру ұйымдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөнінде өткен №1 жиналыстың хаттамасы бойынша мекеменің бюджет қаражаты бірыңғай есеп беру формасымен және бөбекжайда өтіп жатқан оқу-тәрбие жұмысы түгелмен ресми сайтқа орналастырылды.

Биғайша ҚҰМАРОВА,

Таңдай ауылы «Райхан гүлі» бөбекжайының меңгерушісі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521