ads_hero

Азық-түлік бағасы аспандап кетті

Жаңа жыл басталғанда жақсы жаңалықтарды күтетін халық бұл күнде жаңа жылда не қымбаттап кетер екен деген күмәнмен күн көріп жүр.

Расында мейрам басталмастан бұрын аспанға шығатын азық-түлік бағасы мейрам өткен соң да сол күйі қалып жатыр. Күнделікті пайдаланатын нан мен сүт, көкөніс өнімдерінің бағасы шарықтап тұр.Дүкен сөрелерін қымбат азық-түлікпен толтырған кәсіпкерлердің баға өсіміне қатысты айтар жауабы біреу-ақ: «Доллар өсті». Азық-түлікке, ішкі нарыққа доллар бағамының қаншалықты қатысы бар екенін түсінбесе де, сол жауапқа тұрғындар да иланып жүр. Көп балалы аналар, зейнеткерлердің ай сайынғы жәрдемақы, зейнетақысына қосылған тиын-тебенді көре алмағандай барлығын қымбатсытып жіберуге дайын тұратын, бағаны бәсекеге айналдырған кәсіпкерлерге қашан тыйым салынып, тосқауыл қойылады? Әлде бүгін 200 теңгеге алған сүтті ертең 240 теңгеге алып жүре береміз бе? Өскені тиын-ақ десеңіз, ақша тиыннан құралатынын да ескеру керек. Жалақының өскені қаншалықты жарияланса, азық-түліктің, басқа да тұрмыстық қажеттіліктің бағасындағы тұрақсыздықтың да бір тоқтауы болуы керек секілді.

Жәдігер ҚАЙРОЛЛА,

ауыл тұрғыны.

Super User

ads_hero