ads_hero

Қауіпсіздік сақтау – ортақ мүддеміз

Өткен аптада аудандық «Өнерпаз» мәдениет үйінде террористік тұрғыдан осал объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қауіпсіздік шараларын түсіндіру мақсатында аталған объектілердің басшылары мен қызметкерлеріне теориялық және практикалық оқулар бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Жиынға аудан әкімінің орынбасары Светлана Аманшиева, аудан әкімінің бас инспекторы, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Атырау облысы Департаментінің Махамбет ауданы бойынша өкілі Тілекқабыл Ұлықпан және аудандық полиция бөлімінің аға жедел уәкілі Руслан Зинешов қатысты.

Күн тәртібіне қойылған террористік тұрғыдан осал объектілердің басшылары мен қызметкерлеріне арналған теориялық және практикалық оқулар өткізу мәселесі бойынша полиция бөлімінің қызметкері Р.Зинешов баяндама жасады.

- Қазақстан Республикасының террористік тұрғыдан осал объектілерінің тізбесін бекіту туралы, яғни Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 28 тамыздағы № 876 қаулысына сай, Махамбет ауданы көлемінде облыс әкімімен бекітілген барлығы 62 ТТО объектілері бар. Аудандық ПБ бастығының №20 бұйрығымен Террористік тұрғыдан осал (ТТО) объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын бақылауды жүзеге асыру үшін топ құрылды. Террористік тұрғыдан осал объектілерінде ғимаратқа тиісті құжаттардың барлығы болуы керек (ғимараттың, тоқтын, газдың, бейне бақылау камераның орналасқан жерлерінің сызбасы) және объектілер ішінде қызмет ететін тұлғалармен терроризмге қарсы іс-қимылы бойынша профилактикалық және оқу сабақтарын жүргізу бойынша кесте жасақталады. Кестеде жауапты қызметкер көрсетіліп, сабақтын өтетін уақыты белгіленеді, яғни атқарылған жұмыстарының хаттамалары жасақталып отырлады.

Қазақстан Республикасы ІІМ 2018 жылғы 24 қазандағы № 746 бұйрығына сай ТТО объектісінде телевизиялық бейнебақылау камераларының орнатылуы бойынша тиісті талаптары бар. Атап айтқанда: Бейнебақылау камераның түсірімілінің сақталу мерзімі кемінде 30 тәулік болуы тиіс және камераларымен жабдықталуға тиісті орындар болып саналатын ғимараттың көп адамдар жиналатын бөлмелері, бас және қосалқы есіктері, ғимараттың сыртында іргелес тұрған аумақтың периметірлері, бейнебақылау камералары қараңғы уақытында түсірілімі сапалы және сертификатты болуы тиіс, - деген Р.Зинешов слайд арқылы қауіпсіздік шараларын сақтауды түсіндіріп өтті.

Бұдан әрі жиынға қатысушылар тарапынан қойылған сауалдарға мамандар жауап берді.

Б.Сапарова.

Super User

ads_hero