«Қауіпсіз тағам таңда!»

Махамбет аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы және «Ұлттық сараптама орталығы» Атырау облыстық филиалының Махамбет бөлімі мамандарының ұйымдастырумен «Нарын» сауда орталығында «Қауіпсіз тағам таңда!» тақырыбында акция өткізілді.

Акцияның негізгі мақсаты - тұрғындар арасында дұрыс тамақтануды қалыптастыру, жеке бас және қоғамдық гигиенаны сақтау, жедел ішек ауруы және тамақтан улану жағдайларының алдын алу, тұтынатын тауарлар мен тамақ өнімдерінің құрамын, сапасын, сараптамадан қалай өткізілетіндігін, тұтынушылардың сауда жасауда құқықтарының бұзылмауын түсіндіру сияқты жалпы халыққа қажетті ақпарат беруге бағытталды.

Сонымен қатар, тұрғындар арасында сауалнамалар жүргізілді. Жедел ішек ауруларының алдын-алу мақсатында, тұтынушылар арасында санитарлық ағарту жұмыстары жүргізілді. Аудан тұрғындары азық-түліктердің сапасы жайлы ақпараттарға қанығып, мамандардан көкейлерінде жүрген сұрақтарына жауап алды.

Б.СҮЙЕУОВА.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521