Атырауда өртенген базар аумағына күзет қойылды

Атырауда өртенген бутиктердің маңына ұры-қаралардан сақтандыру үшін күзет қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Дина» базарының маңында өртенген 8 бутикте кәсіпкерлердің материалдық құндылықтарының қолды болуынан сақтандыру мақсатында күзет қойдық. Бұл жұмысқа жергілікті полицияның 11 қызметкері мен ҚР Ұлттық ұланының 40 жауынгері жұмылдырылды»,-деп хабарлады өңірдің Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері.

Өртті сөндіруге 72 жеке құрам мүшесі мен 25 техника жұмылдырылды. Өрт сөндірушілердің дер кезінде әрекет етуінің арқасында өрттің өзге бутиктерге өршуіне жол берілген жоқ.

Материал дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521