ads_hero

Атырауда қалдықтарды сұрыптайтын кешен іске қосылды

Кешен 7 түрлі қалдықты сұрыптайды, деп хабарлады Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Кешеннің ашылуына табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Қадыржан Арыстан және қала әкімінің орынбасары Ұлықбек Тналиев қатысып, жаңа кәсіпорынның жұмысымен танысты.

«Қазіргі таңда қала тұрғындарының ыңғайлылығы үшін тұрмыстық қалдықтарды түріне қарай бөліп жинақтайтын қоқыс жәшіктері орнатылуда. Бұл қалдықтарды сұрыптау жұмысына да оң ықпал етеді. Мұның барлығы экологиялық ахуалдың жақсаруына септігін тигізеді. Алайда, әр игі істің бастамашысы сіздер мен біздер. Сол себепті қала тазалығының сақталуына бірігіп атсалысайық»,- деді қала әкімінің орынбасары Ұлықбек Тналиев.

«Арнаулы автобаза» ЖШС - нің мәліметінше, қаладан тәулігіне 250 – 300 тоннаға дейін қоқыс шығарылады.

«Кешен жеке инвестор есебінен Белоруссиядағы «Сифания - Экотехника» компаниясынан сатып алынды. Сатып алынған жабдықтар жылына 100 мың тонна қатты муниципалдық қалдықты сұрыптауға арналған. Мұнда әзірге 35 адам жұмыспен қамтылған», - дейді «Арнаулы автобаза» ЖШС директорының міндетін атқарушы Алмас Ізтілеуов.

Кешенге әкелінген қоқыс бункерге түсіріліп, содан кейін көлбеу конвейер арқылы кабинаның ішіндегі сұрыптау тасбасына тікелей түседі. Сол жерде қалдықтардан пайдалы заттар – қайталама полимер, пластик бөтелкелер, макулатуралар, тоқыма өнімдері, металл сынықтары, шыны және сынған әйнектер сұрыпталады. Таспалы конвейер ұзын бойы сұрыпталған қоқысқа арналған контейнер ыдыстармен жарақталған. Жанбайтын органикалық фракциялар бұрынғыша жойылатын болады.

BAQ.KZ

Сурет: дереккөз

Жарнама

banerkzleft

Фотогалерея

Күнтізбе

Редакция

 
Cүйеуова Баян- бас редактор

Cүйеуова Баян
- "Жайық Шұғыласы" газетінің бас редакторы

Сапарова Балнұр

Сапарова Балнұр - бас редактордың орынбасары -жауапты хатшы

Сатаева Айнұр-ІІ снатты маман

Сатаева Айнұр
- ІІ санатты маман

Майбасова Кенжегүл-сайтқа жауапты редактор

Майбасова Кенжегүл
- сайтқа жауапты редактор

Қисина Гулфара-бет құрушы

Қисина Гулфара
- бет құрушы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21

ads_hero