ads_hero

Атырау полицейлері ерлікпен көз жұмған Шалқар Ақымғалиевке ән арнады

Атыраулық полицейлер ерлікпен көз жұмған әріптесі, полиция сержанты Шалқар Ақымғалиевке ән арнады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстан полициясы күніне орай өткен салтанатты шарада атыраулық полицейлер қызмет бабында қаза тапқан әріптестері туралы ән шырқады. Олар оны марқұм Шалқар Ақымғалиевке арнады. Ол осы жылдың наурыз айында Жайық өзеніне батып бара жатқан әйелді құтқарам деп мерт болған еді.

Жиынға құрметті қонақ ретінде шақырылған Шалқардың анасы ұлының есімін естігенде көзінің жасын тия алмады», - деп мәлім етті полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Жиында қылмыспен күресте ерекше белсенділік танытып, күш-жігер жұмсаған 200-ден астам полицей ҚР Ішкі істер министрінің бұйрығымен марапатталды.

Сурет:Дереккөз

Кенжегул

ads_hero