Астанадан абыроймен оралды

Фото: zh-shugylasy.kz

Жылдамдық пен күшті дамытып, спортшының шыдамдылығын шыңдайтын футзал спорты аудан көлемінде кең қанат жайып келеді. Ойыншылар республикалық, тіпті әлемдік додаларда жарқын ойындарымен танылуда. Әрине, бұл тұрғыда ойыншыларды дайындауда білікті бапкерлердің еңбегі зор.

Жуырда Астана қаласында футзалдан 2008-2009 жылы туған жасөспірімдер арасында «Astana Cup – 2024» республикалық турнир өтті. Аталған турнирге Ақтөбе облысынан «Lifestyle», Ақмола облысынан «Жастар», Астана қаласынан «Mukan-1», «Mukan-2», «Spartans», «ФК-54», Атырау облысы Құлсары қаласынан «БЖСМ №2» және Махамбет ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің командасы қатысты.

Кіл мықты командалар жиналған ойын тартысқа толы болды. Наурыз мерекесі қарсаңында өткен республикалық турнирде жерлестеріміз жоғары деңгейде өнер көрсетті. Спорт мектебінің жаттықтырушылары – Әділет Идрисов пен Асқар Әлдешовтың шәкірттері ақтық ойынға дейін жетіп, күміс жүлдеге қол жеткізді. Махамбеттік команда құрамындағы Олжас Мейрамұлы «Үздік ой­ыншы» аталымымен марапатталды.

Қ.БАҒЫТ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521