Арыз еріккеннен жазылмайды

Таяуда облыстық әкімдіктің Әдеп жөніндегі уәкілі Азамат Мақсотұлы Айманакумов Махамбетке келіп, ауданның мемлекеттік қызметшілерімен жүздесіп, Әдеп жөніндегі кеңес өткізді.

Әдеп жөніндегі кеңесті аудан әкімінің аппарат басшысы Нұрлан Серікұлы ашып, аудандағы әдеп жөніндегі атқарылған жұмыстарды саралады. Ауданда 126 штат бірлікте мемлекеттік қызметші барын, 8 бос орынның(вакансия) 6-ы тұрақты, 2-і уақытша екенін, аудандық «Жайық шұғыласы» газетінде мемлекеттік орган қызметкерлерінің мақалалары, Әдеп жөнінде кеңестің материалдары жарияланғанын қаперледі.

Жасырын сауалнамалар жүргізіліп, Әдеп жөніндегі түсінік, 14 кеңес берілгенін еске салды. Барлық қызметкерлерге Әдеп жөніндегі қалта кітапшалар таратылған. Облыс әкімінің Әдеп жөніндегі уәкілі Азамат Мақсотұлы «Мемлекеттік қызметшілердің әдебі. Мемлекеттік қызметшінің жеке құзыреттері мен мінез-құлық мәдениетінің өзара байланысы» тақырыбындағы баяндамасын слайд арқылы талдап, түсіндірді.

Тұрғындардың арыз-шағымына назар аударылады. Мәселен, Махамбеттен 2 арыз түсті. Оның бірі-ұжымдық арыз болса, екіншісі, жеке тұрғынның арыз-шағымы,-деп сөзін одан әрі сабақтаған Азамат Мақсотұлы. Көбіне-көп тұрғындар мемлекеттік қызметшілерге байланысты шағымданады. Оған бірер мысалдар келтірейін. Бір тұрғын сәулет және қала құрылысы бөліміне құжаттарын алып, сағат 16.30-да келсе, оны «бізде жұмыс уақыты аяқталды» деп қабылдамай жіберіпті. Әдеп жөніндегі уәкілге шағымданған соң ол мемлекеттік қызметкерге шарасы алынды. Мемлекеттік қызметшілерден жауаптылық, ашықтық, сыбайлас жемқорлыққа тосқауыл қою талап етіледі. Әдетте біз кешкі жұмыстан кейінгі уақытта қоғам назарына ілігіп жатамыз.

Тағы бір мысал. Бір мемлекеттік қызметші мейрамханада отбасымен тойлап, енді ақшасын төлеуге келгенде басын алып қашып, өз лауазымын пайдаланып, сол жерде айқай-шу шығарса керек. Мейрамхана әкімшісі Әдеп жөніндегі уәкілге шағымданып, шара қолдануын сұрады. Ақыр соңында мемлекеттік қызметші өз еркімен жұмыстан шықты. Сонымен қатар Атырау қаласында мемлекеттік қызметшінің өз анасына қол жұмсағаны анықталды. Арыз-шағымның ішінде отбасылық мәселелерді де көлденең тартатындар бар. Әйелі күйеуінің үстінен ішімдік ішеді деп арызданатындар да кездесті. Әлеуметтік желілерде үкімет саясатына қарсы шығу, діни көзқарасын білдіру, оның ішінде діни ашу-араздық тудыратын материалдар жарияланып жатады. Жалпы үкіметке, ел саясатына қарсы шығатын жайттар жария болмауы тиіс. Осыған мұқият болғанымыз жөн.

Мәселен, бір мемлекеттік қызметші суық қару-мылтықпен аңшылыққа шыққанын суретімен қоса әлеуметтік желіге жариялап жіберген. Жұмыс уақытында Құрманғазы ауданы әкімінің орынбасары моторлы қайықпен серуендегенін әлеуметтік желіге жариялағанын да білеміз. Департаментпен бірігіп, рейд жүргізілді. Енді қызметтік көлікті пайдалану жайы туралы айтсам. Көп қызметкерлердің қызметтік көлікпен баласын балабақшаға, мектепке апару жайттары анықталды. Жеке басына қызметтік көлікті пайдалануға жол берілмейді.

Әкімшілік-құқық бұзушылық бар. Жергілікті атқарушы органның 32 мемлекеттік қызметшісінің құқық бұзушылық жасағаны анықталған-ды. Олар автокөліктерімен жол-көлік оқиғасын жасап, сол үшін оларға айыппұл салынған екен. Бәрі де айыппұлдарын толық төлеген, бірақ қоғам тарапынан тәртіптік жазаға тарту ұсынылды. Сұрыптай келе, олардың ішінен 4 мемлекеттік қызметші 4 рет жол-көлік оқиғасын жасағанын білдік. Айталық, қызыл жарықтан өтіп кеткен, сақтық белдігін тақпағаны үшін т.б.

Мемлекеттік қызметшілермен сауалнамалар жүргізілді. Онда 12 пайызы моралдық-психологиялық ахуалды сұраса, кейбірі артық функцияларды атқарып, қызметтен тыс шаруалармен көп шұғылданатынын жасырмады. Енді бірі ұжымның шамалылығын, қашанда басқан ізін аңдып жүретінін айтқан. Мемлекеттік қызметшілердің 69 пайызы бұл жұмысты тиімді деп санайды, ал 71 пайызы мемлекеттік қызметшілерге шағымданады.

Мақат ауданында өткен кеңесте бір мемлекеттік қызметші тұрғын үй алғаны үшін әкімдік тарапынан, тіпті көрші-көлемінен қатты қысым көргенін айтты. Заңды үй алған мемлекеттік қызметшіге көршілері де қоқан-лоқы көрсетіп, «Сен заңсыз үй алдың, үйіңді өртейміз!» деп қақпасына жазып кеткенін тілге тиек етті. Біз әкімшілік тарапынан мемлекеттік қызметшіге қолдау көрсету керектігін айтып, қызметкерге үй заңды түрде берілгенін қаперледік. Әдеп жөніндегі уәкілге жұмыспен қамту орталығының қызметкерлері, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы АҚ ХҚКО мамандары, қызметкерлері көп арызданады. Мұнда оларға неше түрлі адамдар келіп, төбелес шығарып, қарғап-сілеп, тіпті балағат сөздерін айтатынын жазады. Ең бастысы мемлекеттік органдарда мемлекеттік қызметке деген оң имидж қалыптастыру керек.

Соңғы кездері мемлекеттік қызметшілерге тегін медициналық тексеруден өту жүруде. Жалпы өтуге тиіс 400-ден астам мемлекеттік қызметшінің бүгінде 250-і дәрігерлік тексеруден өтті. Сала мамандары арасында қан қысымы, көз, қан аздық аурулары бары анықталып отыр. Мемлекеттік қызметшілерге спорт нысандарына тегін бару ұйымдастырылуда. Барлық газеттерде «Мемлекеттік қызмет» атты айдар бар. Барлық мемлекеттік қызметшілерге Facketboon қалта кітапшалары таратылды.

А.ҚУАНЫШҚАЛИЕВА.

С.ЖАЙЫҚОВ, зейнеткер:

-Газеттерде «Өзіңнен баста!» акциясы жиі жарияланып жүр. Әр мемлекеттік қызметкер өз мүлкін, салымдарын, ақшаларын, көлігін бәрін жария етуі тиіс. Оның қандай адам екенін халық білуі тиіс қой. Біреулер фейсбугте жарияланды дейді. Әлеуметтік желіде бөлек, ал газетте бір бөлек қой. Әр қызметкер өзінен бастауы тиіс деп ойлаймын.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521