ads_hero

Қарашада күн суытады

Қазіргі мезгілде күн құбылмалы, алайда жуырда ауа температурасы төмендеп, су айдындарында мұз қата бастайды.

Бұл кезең жыл сайын құтқарушылар үшін қауіпті саналады. Себебі, балық аулаушылар мен тұрғындар ескертулерге қарамастан, жұқа мұз үстімен өтіп, өмірлерін қатерге тігіп жатады. Жазатайым жағдайлардың алдын алу мақсатында, мұз қату кезеңі қарсаңында құтқарушылар балық аулаушылардың жиі жиналатын жерлерін қатаң бақылауға алып, аудандағы орта мектептерде «Мұз қату кезеңіндегі қауіпсіздік ережелері» тақырыбында сабақ жүргізілуде.

Сабақ барысында құтқарушылар оқушыларға қауіпсіздік ережелері мен алғашқы көмек көрсету бойынша түсіндіріп, орын алған төтенше жағдайлар туралы мысалдар келтіреді. Сабақ барысында бейнероликтер мен слайдтар көрсетіледі. Ата-аналардан балаларды қатаң бақылуға алуды, Жайық өзенінің жағалауына жібермеуді сұраймыз. Махамбет ауданының « Батыс өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы» азаматтарға суда өте мұқият және сақ болуларыңызға кеңес береді. Егер суда төтенше жағдайдың куәгері болсаңыз мына телефондарға хабарласыңыздар: 112,101, 2-20-80.

Б.ҚЫДЫРОВ,

Махамбет ауданының Батыс өңірлік аэроұтқыр жедел-құтқару жасағының бөлім басшысы.

Super User

ads_hero