ads_hero

Қарабай жерінің атауы қайдан шықты?

Туған жердің тарихы тереңде. Махамбет ауданы, Алға селосының төңірегінде осы ауыл тұрғындары үшін сыры ашылмаған жерлер, қорымдар көп.

Тарихты бұрмаласа да түбінде бір ақиқаттың ашылары анық. Кеңестік жүйе кезінде тарихтың шынайы беті жасырылып, халқымыздың рухани мұқалғаны да өтірік емес. Ру сұраса ұлтшыл деп айыптап, көне тарихты қозғаса буржуазияшыл – ұлтшыл, ескіше ойлаушы, кеңестік жүйеге іштей қарсы шығушы деп қудалағаны да шындық. Бірақ та соған қарамастан елдің арасында аңыз әңгімелер, жыр – термелер, тарихи жер атаулары сақталды. Бұған «Аллаға мың да бір шүкір» дейміз. Бала күнімнен ауыл төңірегіндегі жер атауларын, олардың тарихын, ру – тайпалалардың шығу тегін, шежірелері мен халқымызға тиесілі құндылықтарын әкем Сүйін Кенесары Дәулетиярұлының ауызынан естіп өстім. Осылай туған ауылдың тарихына деген қызығушылық бала күннен басталды.

Бұрынғы Тегісшіл ( 16- ауыл) айналасы ескі атауларға бай. Сөздің басын, негізгі ойды, Қарабай жер атауына бұралық. Бала күнімізден Қарабай атауын естіп өскенімізбен, шын мәнісінде, оның шығу тегін, тұлғаның кім екенін нақты білмедік. Кейбір үлкен кісілер бұл құстың атауы десе, басқалары бұл жерде мал өсірген, соның ішінде ірі қара көп болғандықтан қараға бай, «Қарабай» деген атау содан шыққан дейтін. Бұл тек болжам. Жайықтың самар бетіндегі Аққайың ( Сорочинка ) ауылының маңында Қарабай деген қауым бар екені де анық, бірақ та бұның да шығу тегі белгісіз. Бұл жөнінде толығырақ кейін тоқталатын боламыз.

Материалдың толық нұсқасын газетімізден оқи аласыздар

Жарнама

banerkzleft

Фотогалерея

Күнтізбе

Редакция

 
Cүйеуова Баян- бас редактор

Cүйеуова Баян
- "Жайық Шұғыласы" газетінің бас редакторы

Сапарова Балнұр

Сапарова Балнұр - бас редактордың орынбасары -жауапты хатшы

Сатаева Айнұр-ІІ снатты маман

Сатаева Айнұр
- ІІ санатты маман

Майбасова Кенжегүл-сайтқа жауапты редактор

Майбасова Кенжегүл
- сайтқа жауапты редактор

Қисина Гулфара-бет құрушы

Қисина Гулфара
- бет құрушы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21

ads_hero