ads_hero

Ән-күй үзілмеген үй

«Отбасы-шағын мемлекет» деп жатады. «Қарты бар үйдің-қазынасы бар» деп бекер айтпаған.

Отбасы мерекесіне орай, күйші-сазгер, ардагер-ұстаз, ауылымыздың мәртебесін ауданға, облыс, республикаға танытып жүрген О.Дауылбаевты «Өмірін өнерімен өрнектеген» атты отбасылық шығармашылық кешке шақырған едік. Кешке сонымен қатар ардагер-ұстаз Д.Махасқызы, белсенді әже А.Қалиева, көп жылдай балабақшада еңбек етіп жүрген тәрбиешілер М.Өтешқалиева, Н.Қабдешовалар қатысты. Меймандар ортаға шақырылып, құрмет-қошемет көрсетілді. Кешті әдіскер Г.Орынбасарқызы ашып, жиналғандарды отбасы күнімен құттықтады. Балғындар ата-әжелеріне, аналарына өз өлең-жырларын арнады. Отбасының алтын діңгегі Орынғали Дауылбаев ағай қойылған сауалдарға тұшымды жауаптар қайтарды.

Өнерлі де шырайлы шаңырақтың отанасы Қамажай Гайсина ұзақ жылдар бойы «Балдырған» балабақшасында еңбек етіп, жас сәбилердің бойына өнерді кішкентайынан сіңіріп, талай баланың өнерлі жолын қууына өз үлесін қосқан жан екенін жақсы білеміз. Бір мезет балалар әннен шашу шашты. Мәселен, І.Мұхтар «Ата-әже» әнін тамылжыта шырқаса, Н.Оралтай «Әжемнің шайы» әнімен тамсантты. Шара одан әрі сұрақ-жауаппен жалғасты. Орынғали ағай қонақкәді ретінде «Балбырауын» күйін төгілтіп, өз туындысынан тағы бір күй орындады. Кеш меймандары да өз жүрекжарды лебіздерін арнады.

Мәселен, ардагер-ұстаз Д.Махасқызы атаулы күнмен құттықтап, ән-күй үзілмеген отбасына амандық тіледі. Ал М.Өтешқалиева Қамажай апаймен еңбек жолын бірге бастағанын, екеуі түрлі сайыстарға қатысып, жүлделі оралғандарын еске алды. Өнерлі отбасылар да бір мезет сөз алып, мәні зор кездесу үшін алғыстарын жаудырды. Кездесу кеші қорытындыланып, өнерлі отбасы ескерткіш сыйлықтармен, алғыс хатпен марапатталды. Балалардың «Жас дәуірдің түлегіміз» әнімен кеште мәресіне жетті.

Б.Бегімбаева, «Балдырған»

бөбекжайының тәрбиешісі

Жарнама

banerkzleft

Фотогалерея

Күнтізбе

Редакция

 
Cүйеуова Баян- бас редактор

Cүйеуова Баян
- "Жайық Шұғыласы" газетінің бас редакторы

Сапарова Балнұр

Сапарова Балнұр - бас редактордың орынбасары -жауапты хатшы

Сатаева Айнұр-ІІ снатты маман

Сатаева Айнұр
- ІІ санатты маман

Майбасова Кенжегүл-сайтқа жауапты редактор

Майбасова Кенжегүл
- сайтқа жауапты редактор

Қисина Гулфара-бет құрушы

Қисина Гулфара
- бет құрушы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21

ads_hero