«Алтын жүрек» иесі анықталды

Аудан кәсіпкерлері арасынан жыл сайын «Алтын жүрек» иесін анықтап, марапаттау дәстүрге айналып келеді.

Биыл да аудандық кәсіпкерлік және туризм бөлімі «Алтын жүрек» қайырымдылық кешін ұйымдастырып, оған ауданның белсенді, үздік кәсіпкерлері демеушілік көрсетті. Қайырымдылық кешінің алғы сөзі аудан әкімі Ж.Бахуұлына жолданып:

-Кәсібінен нәсібін көріп, оған қоса, ауданның дамуына өзінің айтарлықтай қомақты үлесін қосып жүрген кәсіпкерлер бүгін тағы да дәстүрлі басқосуға бірауыздан келісе жиналып, халық үшін қайырымды іс жасап отыр. Ел-жұртына еңбегімен еленіп жүрген осындай іскер азаматтар мен азаматшаларымыз аман болсын!-деген жүрекжарды лебізін арнады аудан басшысы.

Үш бөлімнен тұратын кешті өнерлі кәсіпкерлер концерттік бағдарламамен бастап, викториналық сұрақтарға кезек берді. Аудандағы сәулет ғимараттарына, географиялық атауларға, қазба байлықтар мен әдебиетке қатысты көптеген сұрақтар қойылып, дұрыс жауап берген тұрғындарға «Ақ ниет» , «Атамұра», «Молшылық», «Арзан», «Берекет» дүкендерінен 5000 теңгеге тауар алуға, жеке кәсіпкерлер Нұргүл Туманова, Үміт Туленованың және де «Мира», «Айнара» сұлулық салондарының қыз-келіншектерге арналған тегін қызмет түрлеріне, «Жайық» ЖК студиясының тегін фотосессиясына, «Танаис-К» кафе-барында кешкі ас ішуге, «Алтын-Тамыр» дәріханасынан 5000 теңгеге дәрі-дәрмек алуға, «ЖайықАгро» ШҚ жетекшісі Ж.Меңдібаевтың КЖО-да тегін көлік жуғызуға, тіпті, Е.Кенжалиевтың қоғамдық моншасына айына 4 рет тегін баруға арналған сертификаттар табысталды.

k

k

k

 

k

k

Әлбетте, мереке марапатсыз болмайды. Ауданның дамуы жолында аянбай еңбек етіп, ауылдастарын жұмыспен қамтып отырған жеке кәсіпкерлер: Т.Қоржынов, Н.Есенғалиев ағаларымызды, «Вест Дала» ЖШС ұжымын және де көптеген қайырымдылық концерттер ұйымдастырып, түскен қаржыны мұқтаж адамдардың еміне аударып жүрген «Жайық Жастары» тобын аудан әкімі Ж.Бахуұлы кеш соңында арнайы «Алғыс хатпен» марапаттап, халықтың атынан, өз атынан ризашылығын білдірді.

k

k

k

 

k

Сонымен қатар, жыл бойы қайырымдылық шараларына қаржысы мен уақытын бөліп, мұқтаж жандардың мәселесіне бей-жай қарамай, барынша көмек қолын соза білген кәсіпкерлер: Ү.Туленова, Ж.Мырзагелдиева, Н.Туманова, Е.Питерский, Н.Түсекеновтерге де Махамбет аудандық маслихатының хатшысы М.Мырзашевтың «Алғыс хаты» табысталды. Ал көпшілік асыға күткен дәстүрлі «Алтын жүрек» номинациясының иегері, алтын жүректі адам атына лайықты деп «Айтемір» сауда үйінің иесі, «Ниязов» жеке кәсіпкерлігінің жетекшісі Еркебұлан Ниязов таңдалды. Бұл азаматтың көп ішінен оқ бойы озық шығуы да бекер емес. Жыл сайын қарттарды тегін газет-журналдарға жаздырып, аз қамтылған отбасыларға үнемі азық-түлік апарып жүретін Еркебұланның, «оң қолым бергенді, сол қолым көрмесін» деп жұртшылыққа жарияламай жасап жүрген жақсылығы да жетерлік. Бастысы мұны халық біледі, сол үшін де оны ел-жұрты «нағыз азамат» деп сыйлайды.

Мерекелік кеш соңында Д.Сатқанның орындауындағы «Ұлы дала» әнін балақайлар бірге шырқап, тегін таратылған балмұздаққа мәз-мейрам болды.

А.Қанатбайқызы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521