Айта бергеннен жемқорлық азаймайды бұл салада нақты іс керек

Махамбет аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы «Нұр Отан» партия ғимаратының мәжіліс залында мемлекеттік қызметкерлердің қатысуымен «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, мемлекеттік қызметшілердің этика және мінез-құлық қағидалары мен мәселелері» туралы семинар-кеңес ұйымдастырды.

Махамбет аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының 2018 жылда «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ісінің атқарылған жұмыстарының жайы» туралы басқарма басшысы Г.Ажигалиева баяндама оқыды.

-  Махамбет аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасымен бақылауға 230 нысан тіркелген. Кәсіпкерлік кодексі мен халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі кодексіне сүйене отырып, нысандарды тәуелділік жүйесімен басқару енгізілді. Тәуелділік дәрежесімен басқару жүйесі бұл жұқпалы паразитарлық және аса қауіпті аурулардың алдын алу, адам өміріне қауіпті өнімдер өндіру мен тарату және кәсіптік аурулар мен уланулардың таралып кетпеуінің алдын алу жүйесі. Осыған орай тек тәуекел дәрежесі жоғары нысандарды тексереміз. Осы тексеру жүйесіне байланысты тәуелділік дәрежесіне сәйкес талап бойынша есептеуде эпидемиологиялық маңыздылығы жоғары топтағы нысандар жылына 2 рет тексерумен шектеледі. Күні бүгінге дейін заңсыз тексеру фактілері тіркелген жоқ.

2018 жылы ерекше тәртіппен жоспарланған 115 нысанның 31-і тексеріліп, жоспардың орындалысы 26,9%. (қалған 84 нысандардың 3-і сан- эпидаудитке өткен, 9 нысан уақытша жұмысын тоқтатқан, 58 кодекске өзгеріс енуіне байланысты). Оның ішінде 28 нысанға санитарлық нұсқама беріліп, талаптар мен ережелерге сәйкессіздігі анықталған. 37 айыппұл салынып, 1 нысанның жұмысын уақытша тоқтатуға Атырау облыстық мамандандырылған экономикалық сотқа материал беріліп, берілген санитарлық ұйғарымның шаралары толық орындалып, іс қысқартылды.

Аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасында елімізде енгізілген заңдар мен нұсқаулардан бағыт-бағдар беріп отыру мақсатында бас маман заңгер қызметкері жұмыс жасайды. Күні бүгінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында мемлекеттік қызмет алу процесі «бір терезе» жүйесі арқылы жүргізіледі. Атап айтқанда, мемлекеттік қызметкер мен қызмет алушы арасында тікелей байланыс болмау мақсатында өтініштер электронды түрде келіп түседі және электрондық жүйе арқылы жауап беріледі. Осы кезге дейін барлығы 35 өтініш түсті, оның 11-і жеке тұлғадан, 24-і заңды тұлғадан түсіп, оның 5-уіне дәлелді бас тарту беріліп, қалған 30 өтінішті мерзімінде қанағаттанарлық жауап берілді. Сонымен қатар, басқарманың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар жоспарына сай ай сайын басқарма қызметкерлері арасында құқықтық оқыту сабағы өткізіледі. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары жөніндегі халықтың уақытында өтініш жасау мүмкіндігін арттыру мақсатында және басқармадағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы ақпаратқа жедел ден қою үшін 2-12-89 сенім телефоны үздіксіз жұмыс істеуі ұйымдастырылған, сонымен бірге әр түрлі сұрақтар бойынша кеңес беру бөлмесі арқылы жауап беріледі.

Махамбет аудан әкімі аппаратының басшысы, әдеп жөніндегі уәкілі Н.Қалиев сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытындағы ойларын ортаға салды.

«Нұр Отан» партиясы Махамбет ауданы филиалының төрағасының бірінші орынбасары Р.Әженов «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет жөніндегі қоғамдық кеңестің 2018 жылда атқарылған» жұмыстары туралы баяндама жасады.

Г.ШАКИМОВА,

басқарма жетекші маманы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521