ads_hero

Ағайынмен бірге қызмет істеуге болмайды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылдың 18 қарашасында қабылданған болатын. Бұл заңға сәйкес мемлекеттік лауазымды қызмет атқаратын адамдарға белгілі бір шектеулер қарастырылған.

Жауапты мемлекеттік лауазымды қызмет атқаратын, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген, сондай-ақ көрсетілген функцияларды орындауға уәкілеттік берілген кандидаттар болып табылатын адамдардың өз өкілеттіктерін жеке, топтық және өзге де қызметтік емес мүдделерде пайдалануына әкеп соғуы мүмкін әрекеттерді жасауына жол бермеу мақсатында аталған адамдар өздеріне:

1) мемлекеттік функцияларды орындаумен сыйыспайтын қызметті жүзеге асыру;

2) жақын туыстарының, жұбайлары мен жекжаттарының бірге қызмет істеуіне жол бермеу;

3) мүліктік және мүліктік емес игіліктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында ресми таратылуға жатпайтын қызметтік және өзге де ақпаратты пайдалану;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметтік өкілеттіктерін орындауына байланысты сыйлықтар қабылдау бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдайды.

Жекелеген мемлекеттік функцияларды орындау тәртібін реттейтін заңдарда сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған шектеулерді көздейтін басқа да құқықтық нормалар белгіленуі мүмкін. Шектеулерді қабылдауға аталған адамдардың келісімін тиісті ұйымдардың персоналды басқару қызметтері (кадр қызметтері) жазбаша нысанда тіркейді.

Аталған адамдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдамауы лауазымға қабылдаудан бас тартуға не лауазымнан шығаруға әкеп соғады. Оларды сақтамау, қылмыстық жазаланатын іс-әрекет және әкімшілік құқық бұзушылық белгілері болмаған жағдайда олардың мемлекеттік қызметті немесе өзге де тиісті қызметті тоқтатуы үшін негіз болып табылады.

Р.МЫРЗАҒАЛИЕВ,

Махамбет ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының Салықты әкімшілендіру бөлімінің басшысы.

Super User

ads_hero