500 отбасыға азық-түлік таратылды

Қасиетті Рамазан айының құрметіне Атыраудың бас мешітінде 500 отбасыға азық таратылды.

Бұл игі істі «Иманғали» орталық мешіті ұйымдастырды. Әлеуметтік жағдайы төмен, көп балалы, жетім, жесір отбасылар санатын қамтыған азық-түлік пакеттерін мұқтаждарға Атырау облысының Бас имамы Батыржан Мансұров өз қолымен тапсырды.

"Рамазан - рақымшылық айы. Рамазан - ізгілік пен жақсылықтың айы. Бұл айда жасалған әр қайырымды істің сауабы да мол болады. Асылында, мұқтаж жандар қашанда қоғам назарынан тыс қалмауы тиіс. Мұндай ізгілікті шаралар Рамазанмен бірге, басқа айларда да жалғасын табады" деген Атырау облысының Бас имамы Батыржан Мансұров қандай жағдайда да Алладан үміт үзбей, шүкіршілік ете білу - мұсылманға тән негізгі сипат екенін атап өтті.

Осыны мақсат еткен мешіт ұжымына атыраулықтар ризашылығын білдірді.

Сурет: Ашық дереккөзі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521