ads_hero

102 шақырымнан аса жолға асфальт төселеді

Жұмысшылар қала маңындағы 97 көшеге, яғни, 102 км жолға асфальт төсейді, - деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Облыс орталығының негізгі көшелерінде ғана емес, қала маңындағы селолық округтерде де құрылыс-монтаж жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Атап айтсақ, Ақсай-2, Тасқала-3, Дамба-2, Еркінқала-2 ауылдық округтерінде жуық арада жаңа асфальт пен тротуарлар пайда болады. Өзге аудандардағы секілді , мұнда да мердігерлер жол төсемін тегістеп, жиектерін жөндеп, жаяу жүргіншілерге арналған жолдар жасайды.

- Қазіргі уақытта қала маңындағы 20 көшеге - 14 шақырымнан астам жол төселді. Жұмыс әлі де жалғасуда, мердігерлер алдын-ала жоспарланған учаскелерге жаяу жүргіншілер жолдары мен тратуарларға асфальт төсейді, - дейді қалалық ТКШ бөлімінің бас маманы Алмас Сарсенов.

Атырау облысының Өңірлік

коммуникациялар қызметі

Сурет: ӨКҚ

Кенжегул

ads_hero