Махамбеттік самбошылар төрт алтын еншіледі

Сәуір айының 12-14 аралығында Исатай ауданының Аққыстау селосында Самбо күресінен 2003-2004 жылы туылған жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында облыстық біріншілігі өтті.

Жарысқа облысқа қарасты аудандар мен қала командалары қатысты. Махамбет ауданының намысын қорғаған балалар жасөспірімдер спорт мектебінің спортшылары жоғары нәтижеге қолжеткізіп, маусым айында Ақтөбе қаласында өтетін Қазақстан Республикасының чемпионатына жолдама ұтып алды.

Жүлде еншілеген жеңімпаздарды атап айтсақ, Е.Ағелеуов және О.Шонаев мектептерінің оқушылары Жанерке Әділбекова, Гүлайша Алшын, Әлішер Балабаев, Бекзат Бақтыгерей І орынды иеленсе, Атырау көлік және коммуникация колледжінің 1 курс студенті Жігер Бисен ІІ орын, Алмас Пастухов ІІІ орын иегері атанды.

Қазақстан Республикасының чемпионатына жолдама алған спортшыларды және жаттықтырушысы А.Маменовке бұдан да биік белестерді бағындыруды тілейміз.

Б.САПАРОВА.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521