Жерді саудаға айналдыру кімге тиімді?

Бүгінгі таңда Махамбет ауданының жер көлемі 961,7 мың гектарды құрайды. Оның 206 мың га-ауылшаруашылық мақсатындағы жерлер.

Жер учаскелері сауда-саттыққа, табыс көзіне айналып кеткен. Олай айтарымыз, «OLX» ұялы телефон жарнама қосымшасында Махамбет ауданында орналасқан, ауылшаруашылық мақсатында және тұрғын үй салуға арналған жер учаскелері сатуға шығарылған. Махамбет ауданы бойынша ауылшаруашылық мақсатында 442 жер пайдаланушы жалпы көлемі 49736 гектар жерді иеленіп, мақсаты бойынша пайдаланбай отырғаны белгілі болды. Күні бүгін 313 жер пайдаланушыларға заңмен көзделген әкімшілік шаралар қолданылды, сонымен қатар сот шешімдерімен жеке меншігіндегі жер учаскелері қайтадан мемлекет меншігіне қайтарылды. Қалған 129 жер пайдаланушыларға қатысты әкімшілік шаралар қолданылып, жер учаскелерін қайтару әрмен қарай жалғастырылады.

ҚР Жер Кодексіне 04.05.2018 жылы және ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне 24.05.2018 жылы енгізілген өзгерістерге сәйкес ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін ұтымсыз пайдалану немесе пайдаланбауына байланысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау жергілікті атқарушы органдарының құзырына берілген. Жер учаскесін немесе оның бір бөлігін ҚР заңнамасын бұза отырып пайдалану ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 338 бабына сәйкес келесідей жауапкершілікті көздейді: Жеке тұлғаларға ескерту немесе 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе ком- мерциялық емес ұйымдарға 40 есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл, орта кәсіпкерлік субъектілеріне 70 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға 200 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл.

Кодекстің 93 бабының 3 тармағына сәйкес, жер учаскесін ҚР заңнамасын бұза отырып, пайдалану жағдайларына келесілер жатады: жер учаскесін немесе оның бір бөлігін нысаналы мақсатына сәйкес пайдаланбау, жер учаскесін немесе оның бір бөлігін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану қағидаларында айқындалған талаптарды бұза отырып пайдалану, осы кодекстің 99 бабында белгіленген талаптарды сақтамау(жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылар инженерлік тұрғыда әзірленген суармалы жерде дақылдарды кезектестірудің белгіленген схемасын ұстануға, қажетті мелиорациялық және қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге, соның ішінде учаскеде бар суландыру және тоспа-кәріз жүйелерін тиісінше тәртіппен күтіп-ұстауға міндетті). Жер учаскесін экологиялық жағдайды едәуір нашарлатуға әкеп соғатындай етіп пайдалану жатады.

Сонымен қатар аталған баптың 5 тармағына сәйкес еңсерілмейтін күштің салдарынан туындаған жағдайларды қоспағанда жер учаскесін немесе оның бір бөлігін пайдалану ауыл шаруашылығы жері құнарлылығының анағұрлым төмендеуіне не экологиялық жағдайдың едәуір нашарлауына әкеп соққан жағдайларда, жер учаскесінің меншік иесі немесе жер пайдаланушы ҚР азаматтық заңнамасына сәйкес мемлекетке залалды өтеуге міндетті. Бір айта кетерлігі, сол соңғы өзгерістерге сәйкес шаруа немесе фермер қожалығын ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану(жалға алу) құқығын беру жөніндегі өткізілетін конкурстарға жер учаскелерін мәжбүрлеп алып қойылған тұлғалар тізілімінде тұрған тұлғалар қатыстырылмайды. Яғни сот шешімімен мәжбүрлеп алған жағдайда жер пайдаланушы екінші рет осындай мақсатта жер учаскесін алу құқығынан айырылады.

ҚР Жер Кодексінің 82 бабының 1 тармағына сәйкес меншік иесі бұл туралы жария етіп, не жер учаскесіне қатысты өзіне тиесілі құқығын сақтау ниетінсіз одан бас тартатынын айқын білдіретін басқа да іс-әрекет жасап, өзіне тиесілі жер учаскесіне меншік құқығынан бас тарта алады. Осы баптың 2 тармағына сәйкес меншік иесі жер учаскесіне меншік иесі құқығынан бас тартқан жағдайда бұл жер учаскесі ҚР Азаматтық кодексінің 242 бабына сәйкес иесі жоқ жылжымайтын зат ретінде есепке алынады. Сондықтан егер иелігіңіздегі жер учаскеңізді мақсаты бойынша пайдаланбай отырсаңыз, аудан әкімі атына өтініш беру арқылы мемлекет меншігіне қайтаруға мүмкіндігіңіз бар. Жер кодексіне енгізілген өзгерістерге сай, жер экономикалық тұрғыда тиімді және экологиялық сауатты пайдалануы тиіс. Жер заңнамасына енгізілген жаңа өзгерістерге сай жерге деген қатынастың қаншалықты ұқыпты және тиімді болатындығын уақыт көрсетеді. «Жер-ата-бабамыздың бізге мирас болып қалған ең басты қазынамыз, ұлтымыздың ұлы байлығы. Қазақтың даласы-халықтың меншілігі» деп Елбасымыздың сөзімен түйіндегім келеді.

Ғ.МЫРЗАҒАЛИ,

аудандық жер қатыстары бөлімінің басшысы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521