Жемқорлықтың жолын кесу айтылды

Аудандық орталық кітапханада «Сыбайлас жемқорлық-жаһандық қатер» атты ашық есік күні өтті.

Оған кітапхананың байырғы оқырмандары, БАҚ өкілдері, кітапханашылар қатысты. ҚР Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы заңында: «Мемлекеттік міндеттерді орындайтын адамдар, сондай-ақ соларға теңелген адамдар, өздерінің лауазымды құзыреттерін және онымен байланысты мүмкіншілікті немесе өз құзыреттерін басқаша пайдаланып, мүліктік пайда алу үшін заңмен қарастырылмаған мүліктік жайлылықты, артықшылықты қабылдау, жеке және заңды тұлғалармен аталмыш жайлылықты, артықшылықты оларға заңсыз беруге осы адамдарды парамен сатып алу» деп атап көрсеткен.

Мексикада 2001 жылы БҰҰ-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясына қол қоюға арналған дүниежүзілік конференция ашылды. БҰҰ 2003 жылдың 9 желтоқсанын халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күн деп жариялады. Кітапхананың байырғы оқырманы, ардагер-дәрігер Ғаббас Қарағаев жемқорлық бұрыннан барын, кеңес заманында партияның ықпалында болғандықтан сыбайлас жемқорлық фактісі көп байқала қоймағанын нақты мысалдар келтіре отырып баяндады.

-Қазақта «Досы көпті жау алмайды, ақылы көпті дау алмайды» деп жатады. Заңды білген адам өзгелерге қарайды. Жемқорлық-ғасыр дерті. Елімізде қазіргі заманда сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама жұмыс жасауда. Оның негізі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Мемлекеттік қызмет туралы» заңдар болып табылады. Бірқатар бағдарламалық құжаттар іске асырылуда. Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы функцияларды кешенді түрде іске асыратын арнайы уәкілетті орган-Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі құрылды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет саласындағы халықаралық ынтымақтастық белсенді жүзеге асырылуда. Шенеуніктердің азаматтармен тікелей байланыстарын қысқартатын, сыбайлас жемқорлықты көрсететін жағдайды барынша азайтатын мемлекеттік көрсетілетін қызмет саласын дамыту, мемлекеттік аппарат жұмысын ақпараттандыру жөнінде кешенді шаралар қабылданды. Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру, бизнесті дамыту жолындағы әкімшілік кедергілерді жою, Қазақстанда жұмыс істейтін отандық, шетелдік кәсіпкерлер құқықтары мен заңды мүдделерін кез келген сыбайлас жемқорлық көріністерінен тиімді қорғау жөніндегі шаралар басымдығын көздейді. 1999 жылдан бастап «Мемлекеттік қызмет туралы» заң, 2005 жылы Елбасы бекіткен «Мемлекеттік қызметшілердің Ар-намыс» кодексі елімізде есеп берушінің ашықтық, мертократия қағидаттарында құрылған кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыру негіз болады,-деді Ғ.Қарағаев.

Кітапхананың библиографиялық бөлімінің меңгерушісі Күнсая Суханғалиева да жемқорлық фактісі төменнен, тіпті балабақшадан басталатынын еске салды. Бәріне ата-аналардың өзі кінәлі екенін, пара беруді алдымен өздері бастайтынын меңзеді.

-Елімізде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық көріністерімен күрес басым бағыттардың бірі екені рас. Күні бүгінде әрекет етіп жатқан заңнамалар құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін жауапкершілік мәселесін қатаңдатып келеді. Республика аясында қолданылып жатқан заңнамалардың өзі сыбайлас жемқорлық құқын бұзушыларына жағдай жасауы мүмкін нормалардан арылып, құқықтың еліміз дамуына тікелей бағытталып отыр. Бұл келеңсіздікке жалпы қоғам болып жол бермеу, індеттің жолын кесу-әрбір азаматтың парызы екенін ұғынған абзал,-деді К.Суханғалиева.

Кітапханашы Нұргүл Қырымқызы да жемқорлық фактісі көбінесе мемлекеттік органдарда әсіресе, тендерден ұту, мемлекеттік сату және сатып алу саласында орын алатынын мысалдар келтіре отырып баяндады. Жалпы еліміздің әлеуметтік-экономикалық, мәдени, құқықтық тұрғыда дамуында тежегіш фактор ретінде әсер ететін сыбайлас жемқорлық деректерін түбегейлі жою бағытындағы жұмыстардың жеткіліксіздігі, мемлекет тарапынан бұл құқық бұзушылықпен күресте тиімді механизмдер қарастырылғаны сөз етілді. Қатысушылар мұндай келеңсіздіктерге көзжұма қарамайтындықтарын жеткізді.

А.ҚУАНЫШҚАЛИЕВА.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521