Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек кімдерге тиесілі?

«Бес институционалдық реформаны жүзеге асырудың 100 нақты қадамы» атты Ұлт жоспарының 84-ші қадамын іске асыру аясында 2015 жылдың 28 қазанында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықты әлеуметтік қорғау бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 369-V ЗРК Заңы қабылданып, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енді.

Заңға сәйкес жергілікті бюджет қаражаты есебінен төленіп келген мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және 18 жасқа дейінгі балалары бар аз қамтылған отбасыларға төленетін мемлекеттік жәрдемақы және республикалық бюджет қаражаты есебінен жасы кәмелетке толмаған төрт және одан да көп балалары бар отбасыларына төленетін арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап тоқтатылды.

Аталған үш түрлі әлеуметтік көмектің орнына үстіміздегі жылдың басынан бастап әлеуметтік көмектің жаңа түрі – жаңа нұсқадағы атаулы әлеуметтік көмек енгізілді. Сонымен қатар, атаулы әлеуметтік көмек төлеуде қолданылатын кедейлік шегі мөлшері күнкөріс деңгейінің 40%-нан 50%-на дейін көтерілді.

(2017 жылдың 4-ші тоқсаны 25006 теңге, 2018 жылдың 1-ші және 2-ші тоқсаны сәйкесінше 25437 және 25924 теңге. 2018 жылғы қаржы жылына арналған Республикалық бюджет туралы заңмен бекітілген күнкөріс деңгейі 28284 теңге) Жаңа нұсқадағы атаулы әлеуметтік көмек екі түрде тағайындалып, төленеді. Біріншісі отбасы құрамында еңбекке қабілетті мүшелері жоқ отбасыларына шартсыз түрде, екіншісі, отбасында еңбекке қабілетті мүшелері бар отбасыларына келісім шарт жасасу арқылы шартты түрде. Еңбекке қабілетті мүшелеріне келісім шарт бойынша жұмыспен қамту шаралары ұсынылады.

Келісімшарт талаптарының орындалмағаны алғаш рет анықталған жағдайда отбасындағы еңбекке қабілетті азаматтарға әлеуметтік көмек мөлшері 50%-ға қысқарады, екінші рет анықталған жағдайда келісімшарт бұзылып, отбасындағы еңбекке қабілетті азаматтарға әлеуметтік көмек төлеу толықтай тоқтатылады. Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары – жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау және халықты жұмыспен қамту, жұмыссыздар қатарынан ҚР азаматтарын және халықты жұмыспен қамту туралы Заңымен қарастырылған жағдайлар мен тәртіпте өзге де адамдарды мемлекеттік қолдау шаралары. Жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау және халықты жұмыспен қамту шараларына:

Әлеуметтік кәсіби бағдарлауды жүргізу;

Еңбек делдалдығы;

Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің «белсенді» шаралары;

Жұмыссыздарға әлеуметтік көмек көрсету;

Азаматтардың жекелеген санаттарын жұмысқа орналастыру үшін квоталарды орнату кіреді.

Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің «белсенді» шараларына:

Кәсіби оқуға жіберу;

Азаматтардың және оралмандардың кәсіпкерлік бастамашылығына жәрдемдесу;

Жастар практикасына жіберу;

Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру;

Жұмыс күшінің жедел әрекеттілігін арттыру үшін өз еркімен қоныс аударуға жәрдемдесу;

Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын ұйымдастыру;

Қоғамдық жұмыстар кіреді.

Әлеуметтік бейімдеу шараларына келесі іс-шаралар кіреді:

Тұрғын үй көмегін көрсету;

Жергілікті өкілді органдардың шешімдерімен анықталатын тәртіпте және мөлшерде әлеуметтік көмекті көрсету;

Скрингтік тексерістерден өту;

Әлеуметтік маңызды аурулар бар болған жағдайда емделу;

Жүктіліктің 12 аптасына дейін әйелдер консультациясында медициналық есепке қою;

АӘК алуға құқығы бар отбасылардағы және жан басына шаққандағы орташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейінен төмен АӘК алмайтын отбасыларындағы оқушыларға және мемлекеттік білім беру мекемелерінің тәрбиеленушілеріне, жетім балаларға, отбасыларда тұратын ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, төтенше жағдайлар нәтижесінде жедел көмекке мұқтаж отбасылардағы балаларға және оқушылар мен тәрбиенушілердің өзге де санаттарына қаржылық және материалдық көмек көрсету;

Білім беру мекемелерінде білім алу кезеңінде азаматтарға әлеуметтік көмек ұсыну;

Мектепке дейінгі тәрбиені және оқытуды жүзеге асыратын білім беру мекемелерінде орын алуға және қосымша білім беру ұйымдарына балаларын есепке тұрғызуға көмек көрсету. Ағымдағы жылға 226 адамға атаулы әлеуметтік көмек төлеуге республикалық бюджеттен 26,2 млн. теңге қаражат қаралды. Есепті кезеңде аудан бойынша 89 отбасындағы 513 адамға 15,5 млн. теңге мөлшерінде жаңа нұсқадағы атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, төленді. Оның ішінде: 12 отбасындағы 58 адамға 2,2 млн. теңге шартсыз ақшалай көмек. 77 отбасыға 455 адамға 13,3 млн. теңге шартты ақшалай көмек тағайындалды. Шартты ақшалай көмек алушылардың ішінен 35 адам жұмыспен қамту шараларына тартылды. Оның ішінде: 5-і тұрақты жұмысқа, 27-сі қоғамдық жұмысқа, 2-і қайта даярлау курсына, 1-і әлеуметтік жұмыс орнына жіберілді.

С.Қожрақов,

«Атырау облысы Махамбет ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521