Тәрбиесіздік парақорлыққа әкеледі

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына арнаған «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» деп аталған Жолдауында Қазақстанның мемлекеттілігін нығайту жолындағы стратегиялық маңызды мәселелерді айқындап, қоғам мен мемлекетті түбегейлі қайта өзгертуге, жаңғыртуға бағытталған бес негізгі басымдықты белгілеп берді.

Президенттің Жолдауында белгіленген бес негізгі басымдық еліміздің дамуының барлық салаларын қамтиды, соның ішінде заңның үстемдігін қамтамасыз етуге арналған. Бұл құжатта маңыздылығы жөнінен айрықша көтерілген мәселе сыбайлас жемқорлықпен күреске қатысты. Сыбайлас жемқорлықтың мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін едәуір төмендететіні, қоғамда демократиялық қайта құруларды жүзеге асыруды тежейтіні, елдің халықаралық беделіне көлеңке түсіретіні белгілі. Ең бастысы - адамдардың қоғамның демократиялық негізіне деген сеніміне, заң мен әділдікке деген сеніміне, түптеп келгенде билікке деген сеніміне кері әсер ететіні хақ. Сондықтан Президент Жолдауында сыбайлас жемқорлықтың себептері мен алғышарттарын анықтап, оларды жою жұмысын күшейту қажеттілігін атап көрсетті.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қауқарлы күрес қажет. Ол үшін жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы санасын қалыптастырған жөн. Ендеше, жас буынға жемқорлықтың теріс салдары туралы ақпаратты дұрыс жеткізу, олардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетінің қалыптасуына, өз құқықтары мен міндеттерін терең ұғы­нуына және орындауына көмек­те­су­дің алғышарттарының бірінен санала­ды. Сыбайлас жемқорлыққа қар­сы са­на қалыптасқан жағдайда адам адам­гершілікке жат қылықтардан бой­ын аулақ ұстай бастайды, заңға қай­шы ке­летін әрекеттерді жасауға жол бер­мейді. Жастардың бойында сыбайлас жем­қор­лыққа қарсы мәдениет қалып­та­­суы үшін жастарымыз сыбайлас жем­қор­лықты елдің дамуын тежейтін аса қауіпті қоғамдық дерт деп тануы тиіс. Жасыратыны жоқ, сыбайлас жемқорлықпен күрес бүгінде елімізде мемлекеттік маңызы бар түйткілді мәселеге айналды. Себебі, бұндай әрекеттің мемлекеттік қызметкерлер тарапынан көрініс табуы- мемлекеттің дамуына кедергі келтіріп қана қоймай, қоғамда өкіметке, билікке деген сенімсіздік тудырады. Өкінішке орай, жең ұшынан жалғасын табатын, көз қысты, бармақ басты әдет әлі де болса, қалмай келеді. Бұл дерт еліміздің дамуына, экономиканың өркендеп өсуіне өрескел кедергі келтіретіні даусыз.

Жемқорлық ұғымы заманауи құқықтық сөздік қолданысында кеңінен қолданылады және терең тарихи тамыры бар. Жемқорлықтың қарапайым түсінігі - лауазымды тұлғалар, қоғамдық және саяси қайраткерлер мен мемлекеттік шенеуніктердің өз қызметтерінде сараңдық пен сатқындық танытуы. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті баланың санасына сіңірудің маңызы зор. Егер жас­тайынан баланың санасына тазалық, жауапкершілік, патриотизм, Отанға деген сүйіспеншілік қағидаттарын сіңі­ретін болсақ, есейген кезде оның бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитет қалыптасып, саналы өмір сүруге оның мүмкіндігі жеткілікті болады.</p Елімізде 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заң қабылданғаны да баршаға мәлім. Жемқорлыққа қарсы күресте барлық адамдар заң мен сот алдында тең. Жеке және заңды тұлғалардың бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіру, сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылықтың зиянды зардаптарын жою, олардың алдын алу және барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар өз құзіреті шегінде күрес жүргізу, яғни жемқорлықпен күресу - жалпыға ортақ міндет. Сыбайлас жемқорлыққа қатысты мәселе әрқашан Елбасының басты назарында. Президент Қазақстан халқына арнаған дәстүрлі Жолдауында: «Сыбайлас жемқорлық қоғамға, мемлекеттің конституциялық негізіне қауіп төндіреді, сондықтан онымен күрес жүргізу — жалпы ұлттық міндет», - деген болатын. «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 13 қадамында да жемқорлыққа қарсы кү­ресті күшейту мәселелері айтылған. Мұның барлығы сыбайлас жем­қор­лыққа қарсы күресте нақты нә­ти­же­лер­ге қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Е.АЙТЖАНОВ, аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы, майор.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521