Қауіпсіз жол жүрісі

12-18 қараша аралығында аудан көлемінде «Нұр Отан» партиясы, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері және бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен «Қауіпсіз жол жүрісі апталығы» атты кең ауқымды акция өткізілуде.

Акцияның мақсаты – жол бойында көлік апатын болдырмау және құқық бұзушылықтың алдын-алу, қауіпсіздік қағидаларын сақтау, жүргізушілердің мәдениетін арттыру , санасын өзгертуге қоғамдық қолдау көрсету болып табылады. Сонымен қатар жол бойында қайтыс болғандарды еске алу және ауыр қазаға ұшыраған отбасыларының қайғысына ортақтасу, апаттан кейін жақсартылған адамдарға қолдау көрсету шаралары да жүзеге асырылуда. Бұған қоса ІІД қызметкерлерінің, ТЖМ, жедел жәрдем, дәрігерлер мен медбикелердің, сақтандыру қоғамының өкілдерінің жұмысын бағалау, жол апаттары құрбандарына көмек көрсету қажеттілігі бойынша қоғамдық пікірді қалыптастыру жұмыстары жүргізіледі.

Ж.ДЮСЕШОВА,

аудандық Ішкі істер бөлімі Жергілікті полиция қызметінің аға инспекторы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521