ads_hero

министр

  • Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог-Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын кеңінен насихаттау мақсатында Сарайшық ауылына арнайы ат басын бұрған Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму вице министрі Данияр Нұрашұлы Есин Жолдаудың тақырыбы меңзеп тұрғанындай, негізгі міндет- «азаматтардың сындарлы өтініш-тілектерін жедел, әрі тиімді қарастыратын халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру-бәрімізге ортақ міндет екендігіне ерекше тоқталып, бұқара мен билік арасын жақындата түсуге мүдделілік танытатынын айтты.

  • Бүгін елімізде жаңадан еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі тағайындалды.

    Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың жарлығымен бұл лауазымға Біржан Бидайбекұлы Нұрымбетов лайық деп танылды. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады. "Біржан Бидайбекұлы Нұрымбетов Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалсын", - делінген ҚР президентінің жарлығында. Бұған дейін ел президенті бұрынғы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаевты ҚР премьер-министрінің орынбасары қылып тағайындаған болатын.

  • Министрлік мемлекеттік ЖОО ректорларына ЖОО оқытушыларының еңбекақыларын 2020 жылдың 10 қаңтарына дейін 30%-дан 50% - ға дейін арттыру міндетін жүктеді.

  • Бүгін облысқа жұмыс сапарымен келген ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов ауданымызда болды.

  • Жаңа заң жобасы аясында мұғалімдердің зейнет жасын 55-58-ке дейін төмендету ұсынылған еді. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов педагогтардың зейнет жасын төмендетуге қатысты өз пікірін білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

    Тамыз кеңесінің пленарлық мәжілісінен кейін өткен баспасөз мәслихатында журналистер мұғалімдердің зейнет жасын төмендету туралы сұрады. "Педагог мәртебесіне қатысты мұғалімдер 55-58 жаста зейнетке шықса деген ұсыныс айтылды. Ұсыныстардың 70 проценті осы мәселеге бойынша болды. Осыған қатысты сіздің министр ретінде жеке ұстанымыңыз қандай?", - деп сұрады тілшілер. Министрдің айтуынша, ұстаздардың зейнет жасын төмендететін болса, басқа саланың мамандары да осыны талап етеді. Сол себепті әзірше бұл мәселе тек талқылау сипатында ғана қаралып жатыр. "Біз бұл мәселені бірнеше рет талқыладық. Енді, жалпы бізде зейнетке шығу бойынша заңда бекітілген өзінің уақыты бар. Біз ұстаздарға осындай құқық (55-58 жаста зейнетке шығу - Sputnik) беретін болсақ, онда басқа саланың мамандарын да, мысалы дәрігерлер, мәдениет саласының қызметкерлерін ескеру керек болады, басқа мәселелер де шыға береді. Сондықтан бүгінде бұл мәселе тек талқылау үстінде, әлі оң шешілді деп айта алмаймыз", - деді Аймағамбетов.

Жарнама

antikorruptsiya

Фотогалерея

Күнтізбе

Редакция

 
Cүйеуова Баян- бас редактор

Cүйеуова Баян
- "Жайық Шұғыласы" газетінің бас редакторы

Сапарова Балнұр

Сапарова Балнұр - бас редактордың орынбасары -жауапты хатшы

Сатаева Айнұр-ІІ снатты маман

Сатаева Айнұр
- ІІ санатты маман

Майбасова Кенжегүл-сайтқа жауапты редактор

Майбасова Кенжегүл
- сайтқа жауапты редактор

Қисина Гулфара-бет құрушы

Қисина Гулфара
- бет құрушы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21

ads_hero