Мұздан өткенде абайлаңыз!

Ауа-райының күрт жылынуына байланысты мұздың қалыңдығы жұқарып, жаяу жүргіншілер үшін қауіп-қатер төндіріп тұр. Өйткені, көктем келе мұздың беті су болып, жұқарып жатқандықтан кез келген тұстан өтіп кетем деуге болмайды.

Әр ауыл, елді мекен тұрғындары өз қауіпсіздігін ойлауы қажет. Сондай-ақ балалар да мұз үстінде ойнап, сырғанағанды жақсы көреді. Сондықтан ата-аналар балаларыңыздың әр қадамын бақылап отырғандарыңыз жөн. Мұз астынан балық аулаушылар жүргенде қауіптен аулақ болуы үшін алдын ала сақтану шаралары:

-Жұқа мұзға шықпаңыз.

-Мұздың жекелеген бөлігіне топ болып, жиналмаңыз.

-Тік жағалаудан жұқа мұзға шанамен, шаңғымен сырғанамаңыз.

-Тыйым салынған жерлермен мұз үстімен өтпеңіз.

-Тәуліктің қараңғы түскен кезінде мұз үстіне шықпаңыз.

-Кез келген жерде көлікпен жүрмеңіз.

-Балаларды қараусыз жібермеңіз.

Осы ережелерді есте ұстап, сақтанып жүрейік.

Б. ҚЫДЫРОВ,

Махамбет ауданының «БӨАЖҚЖ» басшысы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521