Ауылдық округте «Жасыл ел» жастар еңбек жасағы өз жұмысын бастады. Жасақ құрамындағы жастар туған өлкенің тазалығы мен көркеюіне өз үлестерін қосуға белсенді түрде кірісті.
Қазіргі таңда жасақ сарбаздары ауылдық округ аумағында абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізуде. Олар қоғамдық орындарды, көшелерді, саябақтар мен демалыс аймақтарын қоқыстан тазартып, жасыл желектерді күтіп-баптау, аумақтарды ретке келтіру жұмыстарын атқаруда.
«Жасыл ел» бағдарламасы жастарды еңбекке баулып қана қоймай, олардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыруға, табиғатты аялауға және экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған. Бұл бастама жастардың жазғы демалысын тиімді өткізуіне, еңбек тәжірибесін жинақтауына және қоғамға пайдалы іс атқаруына мүмкіндік береді.
Ауылдың тазалығы мен көркеюіне бағытталған бұл жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын тауып, елді мекеннің экологиялық ахуалын жақсартуға өз үлесін қоспақ.



