#ЗАҢМЕНТӘРТІП
Біздің қазіргі қоғамымыз – түрлі тарихи кезеңдерден өтіп, қалыптасқан күрделі жүйе. Тарихқа көз жүгіртсек, ата-бабаларымыздан бастап бүгінгі күнге дейін сан алуан өзгерістер мен сынақтарды бастан кешірдік. Әр дәуір өз талаптарын қойып, сол кезеңдегі оқиғалар мен тәжірибелер негізінде белгілі бір қағидалар мен нормалар қалыптасты.
Кешегі өткен оқиғалар мен бүгінгі күннің әрбір әрекеті заңдылықтармен өлшенеді. Қоғамда туындайтын кез келген мәселе заң мен тәртіп аясында шешімін табуы тиіс. Өйткені заң – әділдіктің тірегі болса, тәртіп – тұрақтылықтың кепілі. Осы екеуі қатар жүрген жерде ғана қоғам дамып, халықтың әл-ауқаты артады.
Бүгінгі таңда қоғамдағы тұрақтылық пен қауіпсіздік – ең басты құндылықтардың бірі. Әр азамат заңды құрметтеп, тәртіпті сақтауды өз міндеті деп түсінуі қажет. Сонда ғана біз берекелі, қауіпсіз әрі дамыған қоғам құра аламыз.
Фазилова Ляззат


