Туған жеріңді, еліңді, қасиетті топырағын, өзен-көлін қастерлеп, аялап қорғау – ата-бабаларымыздан мирас болып келе жатқан асыл дәстүр. Бұл – біздің қанымызға сіңген ұлттық құндылықтарымыздың бірі. Сондықтан бүгінгі таңда осы құндылықтарды жоғалтпай, келер ұрпаққа аманат ету – басты міндетіміз.
Заман талабына сай инфрақұрылымды дамытып, ел игілігі жолында еңбек ету – әрбір азаматтың борышы. Егер әрқайсымыз осы қағиданы жүрегімізде сақтасақ, кең байтақ жеріміз әлі талай ғасырлар бойы өзінің қасиетін жоғалтпай, көркейе бермек.
Сондықтан баршамыз бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып, ауызбіршілігімізді нығайтайық. Қанымызда бар бауырмалдық пен татулықты сақтап, ел болашағы үшін бірге еңбек етейік!
«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, барша тазалыққа бейжай қарамайтын жастарды сенбілік шараларына белсенді қатысуға шақырамын. Туған жеріміздің көркеюіне үлес қосып, жарқын болашақтың іргетасын бірге қалайық.
Өйткені тазалық – денсаулық кепілі.
Дені сау, жаны таза ұрпақ тәрбиелеу – бәрімізге ортақ міндет.
Фазилова Ляззат


